Топ-баннер
» » ҚОЛДОП ЖАРЫСЫ

ҚОЛДОП ЖАРЫСЫ

Жақында Төретам кенті орталығындағы дене­шы­нықтыру және сауықтыру кешенінде қыздар арасында Қармақшы ауданы денешынықтыру және спорт бөлімінің кубогін сарапқа салу мақсатында облыстық жарыс өтті.
Жарысқа аймағымыздың барлық өңірінен келген 8 команда қатысты.
Үш күнге созылған тартысты жарыстың қорытындысымен бас жүлдені қармақшылық гандболшы қыздар жеңіп алып, кубок иегері атанса, ІІ және ІІІ орынға Қазалы ауданы құрамасы мен Байқоңыр қаласы құрамасы көтерілді.
Сонымен қатар, жарыс барысында үздік ойынымен өзгелерге үлгі көрсеткен бір топ қолдоп шебері, атап айтқанда қазалылық Ақгүл Жылқыайдар «Үздік ойыншы», қармақшылық Назли Эйбова «Үздік қақпашы», төретамдық Айда Меңдіқараева «Үздік шабуылшы» және байқоңырлық Алтын Сартай «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
Жарыс соңында жарыс жүлдегерлері мен үздік ойыншылар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің кубогі мен мадақтамаларына және естелік сыйлықтарына ие болды.

Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
17 қаңтар 2019 ж. 1 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10481)

21 ақпан 2026 ж.

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 477
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728