» » Талантты тани білген бапкер

Талантты тани білген бапкер

Қазіргі таңда қалаға көшу сәнге айналғандай. Кішкентай баланың өзі ерте жасынан-ақ үлкен шаһарды, сондағы зәулім үйлерді армандайды. Десе де талай жанға естен кетпес балалық, қызығы мен шыжығы мол өмір сыйлаған ауылды естен шығаруға болмайды. "Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды" деп Мұқағали ақын жырлағандай ауылға жетер мекен жоқ-ты. Бүгінгі кейіпкеріміз де ауылды аңсап келген жас маман.

Ол Берік Беков. Бапкер. Қаншама қарадомалақтың қолына былғары қолғап кигізіп, аудан спортының қарқынды дамуына өз үлесін қосып жүр. Ол 90 жылдық тарихы бар, еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны саналатын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Бір ерекшелігі өзгелер секілді бала кезінен бокспен айналыспаған. Небәрі 4 жылдық оқу кезінде дене шынықтыру және спорт мамандығын меңгеріп жүоген ол, қосымша спорттың осы түрімен машықтанып, бапкер атанған.

Жас ұстаз қазіргі таңда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде еңбек етеді. Шәкірттерін бокс үйірмесіне баулиды. Еңбек жолын 2015 жылы бастаған Б.Ерімұлы жиырмадан астам жас спортшыны тәрбиелеуде. Бүгінде бірнеше шәкірті жетістікке жеткен. Олардың қатарында Арсен Болатов, Абдулхамит Жеткерген, Әділет Камалханов, Мағжан Қуанышбек, Асылжан Жолдасбаев мен Тілеухан Молдырмановтар бар. "Ұстаздан шәкірт озар" демекші жас бапкердің Ақниет Камалханов, Серікболсын Жолдасбаев пен Андрей Яшков атты шәкірттері бұл күнде "Спорт шеберіне үміткер" атағын иемденіп, ұстаздың мерейін өсірді. Берік Бековтің өзі де марапаттан құр алақан емес. Ол жақында ғана облыстық чемпионаттан жүлделі ІІІ орынды иемденіп, жеңіс төрінен табылды.

Ақжар ауылының тумасы, болашағынан үміті көп бапкер, бір отбасының қорғаушысы, Айжан есімді ақ халаттының жары, кішкентай қызғалдақтың әкесі. "Болашақта ұлдарым болса міндетті түрде спортқа баулимын" дейді кейіпкеріміз.
P.S.
Елбасының бастамасымен жүзеге асқан "Дипломмен ауылға" жобасы аясында баспана алып, еңбек етіп жүрген азамат мақтауға тұрарлық. Бапкердің әлі талай қазақ баласының арасынан спорт жұлдызын тәрбиелеп шығарына сенім мол.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
11 наурыз 2020 ж. 1 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 280

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930