» » Спортшы ана

Спортшы ана


ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz КҮН САЙЫН ЖҰМЫСҚА КЕЛЕР ЖОЛДА КЕЗДЕСТІРЕТІН ЖАНДАР БАР. ОЛАРДЫҢ ҚАЙ УАҚЫТТА, ҚАЙ ЖЕРДЕН ӨТЕТІНІН ДЕ ЖАТТАП АЛҒАНМЫН. КҮНДЕ КЕЗДЕСКЕН СОҢ, ТАНЫСЫМДАЙ АМАНДАСУДЫ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРДЫМ. СОЛ ЖАННЫҢ БІРІ – ЖАНЗИРА АПАЙ.
   Үйі редакцияның дәл жанында. Былайша айтқанда "біздің көршіміз". Көрген бетте менің бұл жақтың тумасы емес екенімді біліп, "Қармақшыға үйрендің бе?" деп сұрап қояды. Расымен мұндай жылы сөз айтып, жақын тұтатындар жетерлік. Олардың әрбірі қонақжайлық танытып, өз мейірімділігін көрсетіп жатады. Бірақ қанша таныдым дегенмен осы уақытқа дейін аты-жөнін білмедім. Тек "апай" деп жүрген Жанзира Корғанбаева ерекше жан болып шықты.
   Күнделікті өмірде қарапайым болып көрінгенімен жетістігі мол. Ең басты бақыты – ана, көпбалалы ана атануы. Жеті құрсақ көтерген ананың балаларының алды – үлкен өмірге қадам басқан. Бір мамандықтың иегері атанып, бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Ең қызығы Жанзира Қазақбайқызының отбасы – спортшыларға толы. Батыр ананың өзі мектеп кезінде баскетбол, қолкүрес секілді спорт түрлерімен айналысқан. Олимпиадалық спорт түріне енбесе де, армрестлинг – әлемге танымал спорт түрінің бірі. Ал Жанзира Қазақбайқызы дәл осы спорт түрінен өз кезінде "облыс чемпионы". Өмірлік жары, отағасы Шами Өтегенов "түйе палуан". Спортшылар отбасында дүниеге келген балалар да ана мен әке жолын қуған. Үлкен қызы Марал – дзюдо спортының шебері, Гүлназ – зілтемір көтеруден спорт шебері, Мереке де гандболмен айналысады.
   Шами Өтегенов пен Жанзира Корғанбаева көпбалалы отбасында дүниеге келген. Өздері де әке мен ана жолын қуып, ата-ана бақытын сезіне білгендер. Кейіпкеріміздің жан-жары үйде ғана емес, білім беру саласында талай дарабоз спортшыны тәрбиелеген. Кенттегі С.Есқараев атындағы №27 орта мектепте бірнеше жыл дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп, күрестен бапкер болған белгілі азамат.
   P.S. Өмірден өз орнын тауып, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырған ана талай жасқа үлгі. Өзі облыс деңгейінде спорт шыңын бағындырса, сол саланың саңлақтары болар ұл-қызды дүниеге әкелген. Көктемнің шуақты күніндей жүзінен жылу есетін ананың бұл күндері беделі зор.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

07 наурыз 2020 ж. 1 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031