» » » Кітапханадағы Абай портретінің тарихын білесіз бе?

Кітапханадағы Абай портретінің тарихын білесіз бе?

ЖОСАЛЫ, 23 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz 1988 жылы мен жұмысқа қабылданған  уақыттан бастап аудандық кітапханада ұлы ақын Абайдың осы портреті бар. Биылғы мерейтой иелеріне арналған кітап көрмесін ұйымдастыру кезінде осы портретті көрмеге қойғымыз келді. Портретті кім салды екен деген ой келді. Оған зерттеу жұмысы басталып кетті.

Кітапхана саласының ардагері, біздің энциклопедия апамыз Күміс апаға хабарластым. "Апа, Абай атамыздың портреті мен жұмысқа тұрғаннан бастап бар, ол қайдан келген және кім салған?" десем, "сенің келгенін кеше ғой, ол портрет 1966 жылы мен жұмысқа тұрғанда бар" - дейді. Ал енді оның қайдан келгенін кім біледі деймін ғой, білсе Қантай апай білуі мүмкін деді. Содан Қантай апама хабарластым. Сөйтсем бұл портретті Қантай апай салдыртқан екен. Қантай апай 1965 жылы оқу бітіріп келіп, аудандық кітапхананың меңгерушісі болған. Сол кезде аудандық кітапхана Абай есімімен аталады екен. Кітапханада Абайдың портреті болмағандықтан салдырттым дейді. Ауданымызда сол кезде ұлты орыс суретші болыпты, соған салдырған екен. Аты жөнін білмеймін дейді. 
Сонымен Абай атамыздың портреті 1965 жылы кенепке, майлы бояумен салынған. 55 жылдық тарихы бар Абай атамыздың портретін жыл мерейтойларына арналған көрменің ашылуында аудандық кітапханадан тамашалай аласыздар!
Қаниева Күлшара,
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры


23 қаңтар 2020 ж. 1 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 225

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 331

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930