» » Виртуалды махаббат немесе сымтетіктегі сезімге сенуге бола ма?

Виртуалды махаббат немесе сымтетіктегі сезімге сенуге бола ма?

«Махаббатсыз дүние бос»
© А. Құнанбайұлы

Алдияр мен Мәдинаның сөйлесіп жүргеніне үш жылдан астам уақыт өтті. Екеуінің арасында махаббат оты маздап жанғалы қашан... Бұл күндері екеуі телефонмен сөйлеспесе жүре алмайтын күйге жеткен-ді. Олардың арасында құштар сезім мен адал махаббаттың бары рас. Алайда қос ғашық бір-бірімен шын өмірде мүлде кездеспеген. Сырттай өзге әлемде өмір сүріп жүрген кейіпкерлер. Олардың махаббаты – виртуалды махаббат.
Екі жыл бұрын Алдияр кездесуге бел буып, сүйген жаны тұратын қалаға аттанады. Олар кездескен күні-ақ Мәдинаның келісімі бойынша Алдияр сылқым сұлу қызды алып қашты. Осылайша сезім иелері ұзақ тілдесіп жүріп, бұл күндері бір шаңырақ астында бақытты ғұмыр кешуде. Бұл – жаңа заман махаббатының бір ғана мысалы.
Заман алға жылжығалы адамзаттың қол жеткізген ең үлкен жетістігі – интернет пен ұялы телефон арасында бұл күнде талай махаббат сезімі шырмалып жатыр. Ұялыға телмірген жандар сол желіден өз жүрегінің жартысын тауып, отбасын құруда. Алайда виртуалды әлемнің әлегіне түскеннің сезіміне күмән келтіретіндер аз емес.
«Махаббат – саңырау еститін, соқыр көретін қасиет» деп бекер айтылмағандай. Адамның бойындағы бар қасиеттің ұлысы – ғашық болу, сүйіп қалу. Серік тауып, баянды ғұмыр кешу – бұл өмірлік мақсат. Оның қызығы мен шыжығын бір кешіп, қайғы-мұңда бір болатын жарыңды тапсаң бір ғанибет. Атам қазақ махаббатты көкке көтеріп, барынша аялаған. Әр сезім иесі таңдаған жарына, махаббатына адал болған. Қазір ұлы сезімге сері мен сылқымның сенімі қандай? Статистикалық мәліметтер бойынша елімізде құрылған үш отбасының біреуі ажырасуда. Бұл деген махаббаттың мезгілінен бұрын өшкені ме? Соңғы кезде адамдар махаббатқа салғырт қарап, сезімді ойыншыққа айналдырып алды деген сөздерді көп естіп жүрміз. Бұл шындық болса бұған не себеп? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.
Қоғамда құрылған отбасының ойраны шығып, екі бөлек тағдырға бөлінуі үдеп барады. Осы ажырасуға интернетте пайда болған сезім қаншалықты кінәлі? Ақылды адам отбасы құруға бей-жай қарамайды. Себебі отбасын құру дегеніміз – болашақ өміріңнің жоспарын құру. Алда таңдаған серігіңмен жарты жолда қош айтысу керек болса, отбасының қаншалықты құны қалады?. Өмірдің ащысы мен тәттісін бір көруге лайықты деп санаған жанмен ғана шаңырақ көтерген дұрыс. Ал арада маздаған махаббат оты сөнді дегендер ұнату мен сүюді ажырата алмаған адамдар. Ажырасқандар – екінші жүрегін таппағандар, тек көңілі ұштасқандар. Сондықтан адамның сезімді ажырата білмегені үшін виртуалды махаббатты кінәлаудың қажеті жоқ секілді.
Ұялы телефонның ар жағында отырып, кезіккен нәзікжандыға сезімін білдіруді кей еркектер сәнге айналдырғандай. Талай ару арбауына түсіп, сезімнің шырмауынан шыға алмай қалып жатады. Осы сезімнің алаяқтары үшін виртуалды махаббатқа сене алмайтын адам қатары да күн санап көбейіп келеді. Желіге желімдей жабысқан жандар виртуалды әлемнің махаббатына күмәнмен қарайтындай күйге жеткен.
Махаббат – бір көргеннен ғашық болу емес, махаббат – ол сенім, адалдық. Таңдаған жарыңа өз-өзіңді сеніп тапсыра алатындай болғанда ғана онымен сыңғыр сезім күйін шертуге болады.
Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ

28 қазан 2019 ж. 1 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031