» » АНА КҮЛІМДЕСЕ, ӘЛЕМ ЖАДЫРАЙДЫ

АНА КҮЛІМДЕСЕ, ӘЛЕМ ЖАДЫРАЙДЫ

Тәуелсіздік жылдарЫ тарихында еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Әрбір сала жетіліп, жаңа бағдарламалар қолданысқа енгізілуде. Осынау уақытта еліміздің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы секторы, сондай-ақ құрылыс, білім, денсаулық саласы жүйелі жолға қойылса, халқымыздың әлеуметтік әлеуеті де біршама арттырылды. Соның бір дәлелі – көпбалалы аналарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың кең өріс алуы.
Бүгінде республикада көпбалалы, әлеу­меттік жағынан аз қамтылған отбасыларға төленетін әлеуметтік көмекті ауыз толтырып айтуға болады. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері көбейіп, ол әрбір балаға шаққанда жиырма бір мың теңгеден келіп отыр. «Ана қуанса – әлем гүлденеді» деген. Жанұяның жылуын кіргізіп, ұйытқысы болып жүрген аналарымыздың қуанышын еселеген айтулы көмек отбасының тұрмыстық әлеуеті мен көңіл күйін көтеруге септігін тигізуде. Осыған дейін мемлекетіміздегі ең төменгі жалақы жиырма сегіз мың теңге болып келсе, енді ол қырық екі мың теңгеге өсіп, көптеген адам­ның қаржылық қаражатын арттыруға мүмкін­дік беруде. Ескере кетсек, шілдеде бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы отыз процентке көтерілсе, тұрғын үй мәселесі де оңтайлы шешімін табады деп күтілуде. Онымен әуелі ең төменгі процентпен көпбалалы аналар мен көмекке мұқтаж отбасылары қамтамасыз етілмек. Мұндай келелі істе Сыр жұртшылығы белсенділік танытып, көпбалалы отбасыларына көппәтерлі тұрғын үй салуды қазірдің өзінде бастады. Тұрғын үй құрылысы уақытында пайдалануға берілсе, талайдан арман болған пәтер кілті алтын құрсақ аналарымыздың төбесін көкке жеткізері сөзсіз. 
Мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік қолдауға ие болып отырған көпбалалы ананың бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Гүлмира Жұбанова. «Алтын алқа» иегері жары Данабек Құбайдуллаевпен бірге жеті ұл-қыз тәрбиелеуде. Жақында ғана «Алтын алқаға» ие болған ананың жасы бүгінде отыз алтыда. 
Оның айтуынша, елімізде мұндай әлеу­меттік көмек бұрын-соңды болмаған. Осын­дай үлкен мөлшерде мемлекетіміздің ана­ларға көмек көрсетуі – Қазақстанның бола­ша­ғының жарқын екенін сездірсе керек.
– Тұңғышым Меруерт 9 сыныпты бі­тіріп, бүгінде темір жол саласына оқуға бармақшы. Одан кейінгі Ділназ, Үмітгүлім, Нұрсезім, Ұлболсын Ә.Егізбаев атындағы №121 мектептің үздік оқушылары. Данайым қызым балабақшаға барады. Шаңырақтың сүт кенжесі Шыңғыстың жасы екіде. Баланы дүниеге әкелген соң оның жағдайын жасау – ата-ананың парызы. Бұған дейін көбіне бала күтімімен үйде отырдым. Соңғы үш, төрт жылда аудандық емхананың жедел жәрдем бөліміне жұмысқа тұрып, кіші аяжан ретінде ел қатарлы еңбек етудемін. Оған қоса атаулы әлеуметтік көмекке іліндім. Биылғы жылдың сәуірінен бастап 140 мың, сондай-ақ «Алтын алқама» қосымша 16 мың теңге аламын. Қазақта: «Бір қозы туса, бір топ жусан қоса шығады» деген бар. Бәлкім, бұл балаларыма Алланың берген ырзық-несібесі шығар. Баланың мұқтажын өтеу оңай емес. Оның ішер асы мен киер киімінен өзге, білім алуы, үйірмеге қатысуы бар. Осының бәрін азғантай еңбекақымен өтей алмайсың. Әсіресе, мен секілді көпбалалы аналарға көмек қажет. Бұл көпбалалы аналарға дәл уақытында келген көмек деп есептеймін. Осындай қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге аналар атынан  үлкен алғысымды білдіремін. Ешбір ана баласын әлеуметтік көмек алу үшін өмірге әкелмейді, әйтсе де перзентінің толыққанды қамтылуын кез келген ана аңсайды, – дейді алтын алқа иегері.  
Түйін
Бүгінде: «Шүкір, айтулы көмектің отбасына тиіп жатқан жәрдемі көп. Әрі қарай тұрғын үймен қамтылсақ деген үмітіміз бар» деушілер жетерлік. Мемлекет қашан да ананың жағдайын жасауға мүдделі. Себебі ана күлімдегенде ғана әлем жадырайды. Бақытты қоғамның басты принципі де осы.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК     
24 шілде 2019 ж. 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031