» » Сегіз қырлы Сабихан

Сегіз қырлы Сабихан


Елбасы «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек» дейді. Бүгінде жаңаша ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбеюде. Жастар жылына орай мемлекет тарапынан берілген қолдауды тиімді пайдаланып, кәдеге асырып жүрген жастар жетерлік. Сонымен қатар қазірден бастап ел болашағы үшін алаңдайтын, келер ұрпаққа саналы да сапалы тәрбие беруде атсалысып жүрген жас мамандар да бар. Солардың бірі – Сабихан Уәлиханұлы.
Ол қазіргі таңда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектепте тарих пәнінің мұғалімі. Өмірдегі ең үлкен жетістігін ұстаздықпен байланыстырған ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетін аталған мамандық бойынша тәмамдаған. Оған қоса М.Оспанов атындағы Медициналық Мемлекеттік университетте әскери кафедраны оқып, лейтенант шенін алған. 2015 жылдан бастап өзі түлеп ұшқан мектепте қызмет атқаруда. «Қазіргі кезде жас буын көбінесе мұғалімдік мамандықты таңдай бермейді. Ал мен ұстаздық ететініме еш қысылмаймын, керісінше мақтаныш тұтамын. Өзімді дер кезінде мектепке келдім деп есептеймін. Себебі ұстаздар арасында ер адамның қатары азаюда. Ер мен әйел адамның тәрбиесі екі бөлек. Соңғы кезде ерлердің ұсақталып бара жатқанын жиі естиміз. Басты себеп – білім ордасында әйел ұстаздың басым болуы. Өзімді керек жерде жүрмін деп санаймын. Қолымнан келгенше болашақ ұрпақтың игілігіне пайдамды тигізуге тырысамын. Осы мамандықтың абыройын көтеріп, елге нағыз қажет мамандық екенін көрсеткім келеді» дейді жас маман.
Сабихан Жүнісов мектептегі ұстаздық қызметімен қатар оқушыларға бокстан үйірме жүргізіп, жетекшілік етеді. Бір қызығы ешқандай ақысыз, тегін. Оның бұл әрекетін көпшілік түсіне бермейді. «Өзіңнің алтын уақытыңды пайдалырақ нәрсеге неге жұмсамайсың?» деушілердің де бар екенін жасырмады. Десе де ол бұл жұмыс жан қалауы екенін атайды. Ол бала кезінен спортпен шұғылданып, бокстан Қызылорда, Ақтөбе облысының жеңімпазы болған. Ересектер арасында Ақтөбе облысының жеңімпазы, халықаралық, республикалық турнирлердің жүлдегері атанған. Жастайынан спортқа баулып, жақсы мен жаманды ажыратуға, өмірде өз жолын анықтауға себепші болған жаттықтырушысы Жандос Топаевқа алғысының шексіз екенін де қуана жеткізді Өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Берік Беков екеуі бокс үйірмесін ұйымдастырады. Бүгінде бұл үйірме өз нәтижесін беруде. Оқушылар спортпен шұғылдану арқылы өз уақытын тиімді пайдаланады. Сонымен қатар үйірмеге қатысушылар арасында аудан мақтанышы болып жетістікке жеткені де бар. Оған дәлел – Абдулхамит Жеткерген республикалық турнирден І орын иемденіп, спорт шеберлігіне үміткер, Ақниет Камалханов ҚР чемпионы, Серікболсын Жолдасбаев Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер атанды. «Ұстаз болу – өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау» демекші, алтын уақытын ұрпақ тәрбиесіне арнаған маманның еңбегі осылай еселенуде.
– Қазіргі сыныбыма 5 сыныптан бастап жетекшілік етемін. Жас маман болғандықтан бізге қояр талап жоғары. Жаңашылдықты жанға жалау етіп, сан қырлы болып жүрген жайымыз бар. Сынып оқушылары мен олардың ата-аналарымен жақсы тіл табысамын. Ата-аналардың түсінігі мол, әрдайым қолдау білдіреді. Мен бақытты мұғаліммін. Ұстаз дегеніміз – баланың болашағына алаңдайтын, баламен тығыз байланысы бар адам. Келешекте нағыз ұстаз атанғым келеді, – дейді ол.
Өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін сезінген ұлтжанды азаматтың бұл ісі – көпке өнеге. Жас буын осындай ұстаздан тәлім-тәрбие алса, кемел келешектің іргесі берік қаланады. Жас та болса тындырымды тірлігі бар Сабиханның тағы бір қыры – жақсылық жасау. Ол аудандық жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста. Олармен бірге Арыста болған төтенше жағдайға байланысты ауданнан көмек жинап, оны Арыс қаласына жеткізген. Онан басқа да қайырымдылықтан тыс қалмайды. Жаны жақсылыққа толы жанның ісі әрдайым берекелі болмақ. Бүгінде жары екеуі ұл мен қыз тәрбиелеуде. Елім деп еңбек етіп, патриоттық тәрбиені ту еткен жас маманнан жастар үлгі алса дейміз.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
12 қараша 2019 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031