» » ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН...

«Жастар –  қоғамның қозғаушы күші» деп Елбасы айтқандай, елімізде, оның ішінде Қармақшы ауданында  өңір халқының тұрмыс-тіршілігін нығайтуға белсене атсалысып жүрген жастар жетерлік.
Солардың қатарында жас та болса дарындылығымен, ізденімпаздығымен, еңбексүйгіштігімен танылып жүрген жүрген №279 орта мектептің жас мұғалім  Гүлдана Қосжанова да бар.
Ал, енді осындай мәртебелі мамандықтың иесі жайлы айтар болсақ, ғарышкерлер астанасы Байқоңыр қала­сында өмірге келген Гүлдана Салмаханқызы өзге замандастары сияқты қаладағы мектепте білім алды. Онжылдықты тәмамдаған соң, жүрек қалауымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс – Қазақстан    мемлекеттік универ­сите­тінде ағылшын және француз тілі мамандығы бойынша төрт жыл ұлағатты ұстаздардан тәлім алады.
«Туған жердің түтіні де ыстық» деген тәмсіл бар қазақ даналығында.
Міне, осы ұстанымды бойына сіңірген жас маман елге оралғаннан кейін Ақай ауылындағы №279 орта мектепке ағылшын тілі маманы болып қабылданады. Ал жыл өте Елбасының жастар саясатын қолдауға арнаған мемлекеттік бағдарламаларының бірі, нақтысын айтқанда жоғары білімді жастарды елді мекендерге тарту, оларды ауылдардың әлеуетін арттыруға белсенділік таныту мақсатында өміршең болған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысып,  тұрғын үй сатып алады.
Әлемдегі ең ұлық та мәртебелі мамандықтың бірі де бірегейі саналатын ұстаздықты өміріне серік етуге бел буған жас маман бүгінде өзінің білімі мен тәжірибесін шәкірттерінің бойына дарытуда  белсенділік танытып келеді. Тіпті, мектепте өткізілетін қоғамдық жұмыстардың алғы шебінен көрініп жүр десек артық айтқандық емес. Оған айғақ, Гүлдана жуырда Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында жас мамандардан құрылған «Руханият» үгіт-насихат тобы құрамында үздік өнерімен  ауданнан оза шауып, облыстық кезеңнен бас жүлдеге ие болды.
– «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлт данышпаны Абай Құнанбаев айтқандай, адамзат баласы үшін ең ұлық та мәртебелі мамандық саналатын мұғалімдікті таңдағаныма қуанамын. Бүгінде  мектепте, жоғары оқу орнында оқып жүріп, санама сіңірген білімімді шәкірттеріме жеткізуде аянбай еңбек етудемін. Өзімді толыққанды білім саласының маманы санаймын. Осындай мәртебелі мамандық иесі атану үшін міндетті түрде оның қыр-сырын тереңдете меңгеру керек. Міне, алдағы уақытта өзімнен кейінгі өскелең ұрпақтың білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ болып қалыптасуына, қоғамның құрметті азаматы болып өсуіне тер төге еңбек етуге тиіспін. Бұл менің азаматтық парызым, – дейді Гүлдана.                                                                                               
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
04 мамыр 2019 ж. 1 413 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031