Топ-баннер
» » ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әкім бол – халқыңа жақын бол. Иә, билік тізгініндегілер де мектеп табалдырығын аттады. Оқушы болды, ұстаздан тәлім алды. Ал әкім болу жолы қандай табандылықты талап етеді? Бұл сауалға жауапты Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте өткен «Адал ұрпақ» ерікті балалар клубының аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс» атты еркін форматтағы кездесуінде таптық.
– Мемлекет қажеттінің бәрін жасайды, ал сендер терең білім  алыңдар, білікті маман атаныңдар, бастысы Отанды шынайы сүйіп, оған қызмет етіңдер. Ауданда балалар үшін, жастар үшін үлкен істер атқарылуда. Биыл – жастар жылы. Кәсіпті қолға алғанның да дені жастар. Еліміздің мығым болуы – болашақ ұрпақтың қолында. Сендер осыны жете түсініп, артылған сенімді ақтап, жақсы оқып, жақсы азамат, білікті маман болып шығуларың керек. Отанға адал қызмет етулерің қажет. Отанды сүю осылай басталады, – деді аудан әкімі С.Мақашов.
Әрине, өмір болған соң қиындық болмай тұрмайды. Онымен күресе білу керек, жеңе білу керек. Бұл – елағасының басты принципі. Мұнан соң кезек оқушыларға беріліп, олар аудан әкіміне өзін қызықтырған сұрағын қойды. Қош. Балаларға бәрі қызық. Аудан әкімі олардың барлығына да барынша емен-жарқын, барынша ашық жауап берді. Белсенді жастар концерттік бағдарламасынан шашу шашып, ортаны көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Шара соңында оқушылар әкімнің өздеріне ағалық қамқорлығы, жақсы ниеті мен ізгі тілегі, ашық та салиқалы әңімесі үшін алғысын білдірді.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 маусым 2019 ж. 1 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 463
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 292

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728