» » ТАЛАПҚА САЙ НАҚТЫ МАҚСАТ

ТАЛАПҚА САЙ НАҚТЫ МАҚСАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын оқып, бұл аса маңызды бағдарла­маға байланысты өз ойымды ортаға салуды жөн көрдім.
Қандай істің болмасын көздеген алдағы межесі айқын болса оған жететін жол ашық, табысы да мол болады. Олай болса, бұл Жол­дауда 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясынан ұсынған Әлем тұрақты даму мақсаттарын Қазақ­станда жүзеге асыруға өз үлесін қосатын және қазіргі жаhандану заманымен ғылым, технологияның даму талабына сай нақ­тылы әрі жаңа межелер қойылыпты.
Қазақстанның жаhандық бәсекеге қа­білеттілігін арттырудың бірден-бір жолы – өнеркәсіп саласына революциялық өзгеріс жасау және рухани жаңғырту. Елбасының осы жолғы Жолдауында ұсынған 10 мін­дет­тің алғашқы бесеуі өнеркәсіпті қарқынды дамыту (өнеркәсіпке ең жаңа технология­ларды енгізу, ресурстарды тиімді пайда­ла­ну, агроөнеркәсіп кешенін жаңа техно­логиялық деңгейге көтеру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, құрылыс және коммуналдық секторына заманауи технология қолдану) бағытталса, одан кейінгі бесеуінде сол белеске жетудің жол­дары (қаржы секторын жаңалау, адами капиталды дамыту, мемлекеттік істі тиімді басқару, жемқорлықпен күресу, тіршілік ортасына «ақылды технология» енгізу) айқын белгілеген.
Өткен жылдың қортындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4%-ға, өнеркәсіп өнімі 7%-ға артып, жұмыссыз­дық деңгейі 4,9%-ға төмендегені Төртінші өнер­кәсіптік революция әлеміне бейім­делудің экономикалық және әлеуметтік негіздері қазірдің өзінде қалана бастағанын дәлелдейді. Сонымен қатар Жолдауда тек қазба байлыққа бағынышты болмай ел дамуының жаңа сапасын, жаңа жолын қарастырған екен.
Индустрияландыру мақсатын жүзеге асыруға жаңа технология мен иннова­ция­ның қосатын үлесін арттыру үшін техно­логиялардың трансфертін ынталандыру, өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөніндегі жобалардың маңызы зор болмақ.
Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен үнемділігін және экологиялық таза­лығына қойылатын талаптарды арттыру қажеттілі күннен күнге қосылып келеді. Бұл талаптар да Жолдауда өз орнын тапқан.
Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өнім шығару, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытуда аграрлық ғылым мен жоғарғы оқу орындарының атқаратын мін­деттеріне баса назар аударған.
Әсіресе, осы заманғы ғылым мен тех­нология жетістіктеріне сүйене отырып «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін жасап, халықаралық нарыққа шы­ғарса ел экономикасына тигізетін ықпалы зор болады.
Жолдаудағы тағы бір маңызды бағыт – интеллектуалды көлік жүйесін енгізу, ин­фра­құрылымның тиімділігін арттыру, ха­лықаралық жол торабында Қазақстанның иеленетін орнын көтеруге арналған қаржы көлемін көбейтуі келешекте халыққа пай­дасын тигізеді.
Құрылыс саласына да заманауи жаңа әдістер, технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы сапасын, экологиялық таза­лығын және энергетикалық тиімділігін арттырудың бағыты айқындалыпты.
Жолдауда адам капиталының жаңа са­пасын қалыптастыру мақсат шеңберінде экономика қажеттілігі мен заман талабына сай білім беру жүйесін жаңалап, оқыту­шылардың біліктілігін арттыру, олардың қадір-қасиетін барынша арттыру, жоғары оқу орындарында ақпараттық техно­ло­гиялар қолдану, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді ерекше атап көрсеткен. Ұлттың төл тарихын, тілін, мәдениетін жетік біліп, қастерлейтін, сонымен қатар шет тілдерін жақсы меңгерген, озық көзқарасты азамат қалыптастыру – бүгінгі заман, қоғамның басты талабы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сапалы жұмыс орнымен қамту секілді мақсаттар қойылған.
Мемлекет тарапынан бизнесті реттеуге қатысуды азайтып, оны қолдауға бағыт­талған жүйелі шаралар Жолдауда анық белгіленіпті. Сонымен қатар жемқорлыққа қарсы күресті жалғастырып, заңның үс­темдігін күшейтуі жоғарыда аталған мақ­саттарға жетудің негізгі кепілдігі болады.
13 ақпан 2018 ж. 1 037 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 030

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031