» » » ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ӨРЛЕУГЕ БАСТАЙДЫ

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ӨРЛЕУГЕ БАСТАЙДЫ

Өткен жылы еліміз Үшінші жаңғыру кезеңін табысты бастап, нәтижесінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қабылдаған болатын. Аталған бағдарлама аясында өңірлерде кешенді шаралар да қолға алына бастады. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңі еліміз үшін дамудың жаңа мүмкіндіктері екені айтылды.
Жалпы, Жолдауда айтылған маңыз­ды мәселелер Қазақстан үшін тың жобаларды қолға алудың мүмкіндіктері болып қана қоймай, әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылуға да ықпал ететін жүйе екені анық. Әсіресе аграрлы-индустриялық аймақ саналатын Жамбыл өңірі үшін Төртінші өнеркәсіптік революция өнеркәсіпті өркендетудің таптырмас жолы болып отыр. Кәсіпорындарды автоматтандыру, еңбек өнімділігін арттыру, барлық салаға цифрлы жүйені енгізу мәселесі бүгінде күн тәртібінде. Бұл мәселеде облыста тиісті алғышарттар жасалған.
Елбасы Жолдауында көрініс тап­қан барлық саланы цифрландыру мін­деті облыс кәсіпорындарында цифр­лы технологияларды енгізу жұ­мыс­­тары арқылы жүзеге асуда. Мәсе­лен, отандық химия өндірісін да­мы­туда айрықша маңызға ие «Қаз­фосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа технологияларды енгізу, күрделі жөндеу және қайта жарақтандыру кезінде жұмыс істеп тұрған құрылғыларды жаң­ғырту мақ­сатында 2011-2020 жыл­дарға ар­налған жаңғырту жоспарын әзір­ле­ген. Сонымен қатар осы кезеңде 29,4 миллиард теңгені құрайтын 11 ірі ин­вес­тициялық жобаны жүзеге асыру кө­зделсе, оның 1,2 миллиард теңгесі тех­нологиялық процесті автоматтық жүйе­де басқаруға арналған.
Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру барысында өңір өнеркәсібін автоматтандыруға және компьютерлендіруге ұмтылыс жасап отырған бірқатар кәсіпорындар бар. «Цифрлы кеніш» жобасын қолға алған «Алтыналмас» компаниясы цифр­лы инновацияның көмегі арқылы өнімділік пен кірісті арттыруды және шығындарды 15 пайызға дейін азайтуды көздеп отыр. Ал «Оргстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жаңа технологияның көмегімен блоктарды жарылыссыз әзірлеуде гипс, мәрмәр және гранит өндіру жобасын қолға алып келеді.
Мемлекет басшысы Төртінші өнер­кә­сіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері жайлы айтқан Жолдауында өнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге жеткізу міндетін қойды. Бұл өз кезегінде аграрлық саладағы еңбек өнімділігін арттыруға, сондай-ақ, өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға да мүмкіндік береді. Әсіресе бұл бастама шаруа қожалықтары үшін тиімді болмақ. Мәселен, Қордай ауда­нындағы «Самғау» шаруа қожа­лығы «Джон Дир» маркалы тракторы­на GPS бақылау технологиясын енгізіп, егін ша­руа­шылығын интенсивтендіруді қолға алып отыр. Ал «Грин Вилл» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі Оңтүстік Корея инвесторларымен бір­лесу арқылы 4 гектар өндірістік жы­лы­жайды климатты бақылау және ыл­ғалдандыру процестерін компью­тер­лік бақылау жүйесіне негіздеп, ав­то­маттандырған. Енді аталған серік­тес­тік Жамбыл ауданы, Айша бибі ауыл­дық округінде инновациялық аква­по­никалық әдіспен 1 гектар жерге жылы­жай салуды жоспарлауда. Алдағы уа­қытта жылыжайларда өсімдіктің 50 түрі­нен жылына 800 тоннаға дейін өнім өндіріледі.
Өңір өнеркәсібіндегі өзгерістер өр­леуге бастайды. Бүгінде әлем­нің да­мыған мемлекеттерінде техно­ло­гия­лық мүмкіндіктерді пайдалану, игеру арқылы даму көрсеткішіне қол жет­кізіліп келеді. Елбасы өз Жол­дау­­ында осы мәселерді айта оты­рып, отандық өнеркәсіптің өр­леу ке­зе­ңін қалыптастыруды мін­деттеді. Ал өңірлерде өнеркәсіптің өр­леу мүм­­кіндігі жоғары болған жағ­дай­да, сер­пінділік стратегиясын қалып­тас­тыруға болады.
Хамит Есаман

29 қаңтар 2018 ж. 1 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031