» » ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ ЖАНДАР

ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ ЖАНДАР

Дәрігер-травматолог, хирург Шәкрат Ақбергенұлының есіміне сырттай қанықпын. Дәрігерлердің жұмысының көзге көрінбейтін қиын сәттерін, қарбалас тіршіліктерін көп естиміз. Көршілес Арал ауданының Жақсықылыш ауылында дүниеге келген білікті маманның аудандық ауруханада еңбек етіп келе жатқанына отыз жылдан асады екен.
Жақында осы бөлімшедегі ақ халатты абзал жандардың жұмыс барысына куә болғаным бар. Кішкентай баладан бастап үлкен кісілерге дейін түрлі дертпен жандарына шипа іздеп келген науқастардың нақты дертін анықтап, қажетті дәрідәрмекпен емдеу айтуға оңай болғанмен өзіндік қиындықтары да жоқ емес екен. Әрі бұл науқастардың көңіліне қарап, ойларынан шығу оңай шаруа емес екені белгілі. Себебі, жаны ауырып, дертіне дауа іздеп келген емделушілердің мінездері де сан алуан.
Соның бірі – жолдасым аяқ астынан аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жедел жеткізілді. Оған дейін дәрігер қыздарым Альбина Таубаева мен Меруерт Сәрсенбаева алғашқы көмегін көрсетіп, қолдарынан келгенін жасады. Бөлімшеге келгесін көп кешіктірмей, Шәкрат інім емін бастап кетті.
– Көке бүгін кешегіден де жақсы, – деп алдымнан күліп жүгіріп қарсы алатын мейірбике Ақмарал Бисенбаева жас та болса, өз ісін жақсы білетін маман.
– Қандай биязы жан. Осындай жандар көп болса, шіркін! Осы бір сәтте өз қызым, мейіргер Айданам да есіме түсіп жатыр. Ол Астанада жұмыста ғой деп өзімді жұбатамын.
Дер кезінде көрсетілген көмек пен нақты емнің арқасында жолдасым Темірхан да күннен-күнге тәуір болып, денсаулығы жақсара түсті.
Осы ретте хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ш.Ақбергенұлының осы салада еткен еңбегі, халықтан алған алғысы мамандығына деген жауапкершілігін арттырып, науқастың құлан-таза жазылып, жүзіне күлкі үйіріліп отбасына, балашағасына аман-сау оралуына қосып келе жатқан еңбегі орасан зор. Оның саладағы еңбегі бағаланып, "Жылдың үздік дәрігері – 2024" номинациясына лайық деп танылса, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісі – дәрігердің уақытпен санаспай, қиындықтарды еңсеріп, ыстығы мен суығы бірге жүретін медицина қызметіне адалдығы мен алдына келген науқастарға деген ыстық ықыласы болса керек. Осындай риясыз көңіл мен ақ пейілдің, кәсіби біліктіліктің арқасында жанына шипа іздеген қаншама жан ауруынан айығып, жаңа өмірге қадам басуда.
Мерейлі мерекеде өркендеріңіз өсіп, асыл мамандықтарыңыздың мықты маманы атана беріңіздер. Үстеріңіздегі аппақ халаттарыңыз тәрізді жүректеріңіз де кіршіксіз таза, мейірімге, ізгілікке толы болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
Рая ҚАЙЫРҚЫЗЫ,
Ақжар ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы
21 маусым 2026 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№47 (10515)

23 маусым 2026 ж.

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 877

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930