» » Майдандағы ақ халаттылар

Майдандағы ақ халаттылар

qarmaqshy-tany.kz Бүгінде медицина саласына үңілсеңіз мың мамандықты қамтиды. Бәрініңде бәсі бар, жауапкершілігі жоғары. Соның ішінде хирургия саласының жүгі ауыр. олай дейтініміз терең білім мен теориядан өзге бұл сала қызметкерлерінде жәрдем беру қасиеті өте маңызды. Адам жанымен күресіп, өмір мен өлім арасында араша болуда алдыңғы шептен табылады.

Мақаламызды түсінгеніңіздей медицина саласына арнадық. Соның ішінде медицина ғылымдарының кандидаты, республикаға танымал білікті хирург Талғат Әлішұлы бас дәрігерлік ететін Байқоңыр қалалық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімін елге таныстыруды жөн көрдік. Атаулы бөлім 2019 жылы желтоқсан айында ашылыпты. Алғаш бөлім меңгерушісі болып Қарасай Ердешұлы келсе, 2021 жылдан бастап бөлімге Шахмарат Оспанов басшылық етуде. Бастапқыда отаның жеңіл түрін жасаған хирургия қазіргі таңда өкпе, сүт безі, қалқанша без, бүйрек, тік ішек, тоқ ішек, омыртқа жарығы, тағы басқа ауруларға күрделі ота жасап жүр.

– Хирургия – медицинада күрделі әрі қиын сала. Бұл мамандықты меңгерген маманның бойында берік жүйке, шыдамдылық, ұстамдылық, сабырлылық, төтенше жағдай туындаған сәтте де жағдайды бақылауда ұстай білетін қасиеттер болуы керек. Адамның қанын көру, онымен жұмыс жасау кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан ота жүргізетін дәрігер ретінде күйзеліске төзімді, жылдам ойлай алатын маман болған жөн. Отаны жеңіл, ауыр деп бөлмейміз. Бәрі де жауапкершілікті талап етеді. Кейде жеңіл отаның өзі ұзаққа созылып кетуі мүмкін, – дейді бөлім меңгерушісі.

Бүгінде хирургия бөлімінде 20 қызметкер жұмыс істейді. Олар – 3 хирург, 1 бөлім меңгеруші, 1 аға медбике, 1 шаруа иесі, 5 тазалықшы, 5 палата, 1 таңып байлау, 1 ем-шара мейірбикесі және 1 ас таратушы. Сонымен қатар науқастарға 20 орын қарастырылған.

Шахмарат Оспанов – жоғары санаттағы хирург дәрігер, хирург-онколог. Ал Темірхан Мұратов – нейрохирург, Жаналы Олжас – хирург дәрігер, Ерболат Ізбасханов – хирург дәрігер, пластикалық хирург. Сонымен қатар Лаура Ұзақбайқызы – аға медбике. Мұндағы дәрігерлердің міндеті науқастарды қабылдап, тексеріп, ем тағайындайды. Арнайы мамандандырылған мамандарға немесе ем қабылдауға жатқызуға жолдама береді. Ауырғандығын растайтын медициналық тексеру картасын толтырады. Кезекшілікте тұрған хирургдәрігер тәуліктің қай мезгілі болмасын ота жасауға дайын.

– Жалпы хирургия бөлімшесінің қызметі – аурухананың айнасы. Хирургиясы жақсы аурухана жақсы көрсеткіштерге ие болады демекші, біздегі мамандар біліктілігі жоғары білімді дәрігерлер. Қалған қызметкерлеріміз де өз ісіне тиянақты жауапты жандар. Мейірбикелеріміз науқастарға жылы қабақпен қарап, тез сауығып кетуіне ықпал жасайды. Міне, осындай қиын да күрделі салада абыроймен ауызбіршілікпен елге қызмет көрсетіп келеміз, – дейді дәрігер хирург Шахмарат Оспанов.

Ерсін ӘЛІБАЙ
17 маусым 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031