
Бір көрініп көзден ғайып болатын елес ауыл...
«Мен бұл оқиғаны басымнан кешірмесем, мұндайға еш сенбес едім» деп бастады әңгімесін Рақымжан аға. – Баяғыда қазір сүйегі қурап қалған Қаңтарбай шал бір нәрсені көңірсітіп айтып, отырушы еді. Сонда «осы алжыған шал өлер алдында болмас дүниені айтып, елдің басын қатыратыны несі?» деп ренжуші едім. Ал енді...