"Өмірге қайта оралғым келмеді": Қазақстандық 3 жарым жыл комада жатса да барлығын көріп жатқан
Алматы қаласының Майя есімді тұрғыны өмірінде болған таңғажайып оқиғасымен бөлісті. Әйел 3 жарым жыл комада жатқан, бірақ таңданарлығы осы уақыттың ішінде болған барлық жағдай оның есінде қалған.
Майя күтпеген жерден болған инсультке дейін қарапайым күн кешіп, болашаққа үлкен жоспарлар құрған. Алайда әйелдің денсаулығы күрт нашарлауынан дәрігерлер қауіптене бастаған.
"Ия, 3 жарым жыл комада жаттым. Ол кезде дәрігерлердің де амалы таусылған еді. Мен комаға дейін инсульт алған күні дәрігерлерге келген уақытта, олар қатты таң қалды. Олар шындығында менің денем жансыз болып қалғанын, менің мүлдем жүре алмау керектігімді айтты", - деп еске алады ол.
Кейін әйел мүлдем есін жоғалтып, комаға түсіп қалған. Ол осындай күйді 3 жарым жыл кешсе де барлығы есінде жатталып тұрғанын жеткізді. Майяның айтуынша, осындай сәттердің бірінде денесінен жанының қалай шығып жатқанын сезген.
"Денемнен ауыр жүк алынғандай күй кештім. Дененің не үшін өмір сүретінін түсінбедім", - деп еске алады сол сәтті ол.
Майя өзінің денесі палатада жатқанымен, айналасында не болып жатқанын анық көрген.
"Мені өмірімді көп адамның үзгісі келгенін, ер дәрігерлердің "үстіме шыққанын" көрдім. Медбике менің басымнан ұрды. Дәрігерлердің мені қалай құтқарарын білмей дал болғанына куә болдым. Шындығына келсем, ол жақта бұл өмірдің мен ойлағандай мейірімді емес екенін ұқтым", - деп қосты әйел.
Ол сонымен қатар арғы өмірдің соншалықты қорқынышты емес екенін алға тартады. Ол жақта уақыттың да, шекараның жоқ екенін айтады ол.
"Арғы өмірде ешқандай кедергі жоқ. Мен бір уақытта екі бірдей орында бола алатын едім. Егер мені бір адам есіне алатын болса, мен сол сәтте оның жанынан табылатынмын. Мен мұны қалай түсіндіретінімді білмеймін", - дейді Майя.
Әйел сонымен бірге ең қорқынышты кезін де айтып берді.
"Менің өз денеме оралған уақытым ең қорқынышты кез болды. Ауыр жүктер менің үстіме қайта артылғандай сезіндім. Содан соң мен көзімді аштым. Артқа қайта оралғым келмеді, ол жақтан бір бақыт тапқандай болдым", - дейді ол.
Сөзінің соңында әйел бұл оқиға оған үлкен сабақ бергенін айтты. Ол өз кезегінде барлығына өмірдің қандай сынағына ұшырамаса да ешқашан берілмеуге және уақытты бағалауға кеңес береді.
"Өмірді сүріңіздер әрі сүйіңіздер, өйткені ол бізде жалғыз. Арада 5 жыл өтсе де мен бұл басымнан өткерген сәтімді дірілмен еске аламын", - деп сөзін тәмәмдады Майя.