» » Алтын өндіретін ауылда өлім-жітім көбейген

Алтын өндіретін ауылда өлім-жітім көбейген

Солтүстік Қазақстанның Бұлақ ауылында 2014 жылдан алтын өндіріле бастаған. Бірақ Соңғы кезде Бұлақ ауылында соңғы кезде өлім-жітім көбейген. «Астана» арнасының хабарлауынша, себепсіз қайтыс болғандардың арасында жастар да бар. Халық  бұған іргелес жатқан алтын өндірісін кінәлайды. Тек соңғы бір жарым жылдың ішінде 20 ауыл тұрғыны бақиға аттанған.
Тілектес Есжанов алтын өндірісінде бір кезде жұмыс істеген. Күнде карьердің топырақ сараптамасын алып, құрамындағы алтынның үлесін анықтау оның тікелей қызметі болды. Бірақ, араға бірнеше ай салып, денсаулығы нашарлағанын байқаған соң, жұмысты тастауға тура келген. Айтуынша, ешуақытта ауырмаған ағасы да, алтын өндірісінде істеп жүріп, сырқаттанып, артынша қайтыс болған.  
«Карьерге барсам, басым ауырып, қан қысымым көтеріледі. Осындағы дәрігерлер жұмысқа жіберген жоқ. Қысым – 160-170. Зертханаға сынамаларды әкелеміз. Сасып тұрады. Шаң. Зиян ғой. Содан жұмыстан шығып кеттім. Міне, бір жыл бұрын туған ағам қайтты», - дейді Бұлақ ауылының тұрғыны Тілектес Есжанов.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы 1 жарым жылда аталған кәсіпорында жұмыс істеген 7 адам бақилық болған. Осыдан шошыған кейбір отбасылар туған жерін тастап, қоныс аударып кетіп жатыр. Қазір ауылда шамамен 800 адам қалған.
Алтын өндірісін қолға алған Есіл ауданы обыр ауруы бойынша өңірде көш бастап тұр. 10 айда 78 адам тіркеуге алынған. 26-сы өмірден өткен.

Дереккөз: aikyn.kz


06 қараша 2019 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 554
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930