» » Италияда Рим империясы заманына тиесілі алтын теңгеге толы құмыра табылды

Италияда Рим империясы заманына тиесілі алтын теңгеге толы құмыра табылды

Италияның солтүстігіндегі Комо қаласында керемет олжа табылды.
Құрылыс жұмыстарының барысында Рим империясы заманына тиесілі алтын теңгеге толы құмыра шықты. Бір метр тереңдікте табылған көне ыдыста 300-ге тарта алтын ақша болған. Мәлім болғандай, құмыра бір жарым ғасырға жуық жер астында сақталған. Қазу жұмыстары кезінде көне ыдыс сәл бүлінген көрінеді. Оның сынған жерінен 37 теңге алынып, зертханаға тапсырылды. Көмбенің қалған бөлігі де тиісті сараптамаға жіберілді. Құмырадан бөлек, қазылған жерден үш түрлі зат табылды. Оның бірі алтын құйма. Археологтар құнды дүниенің Рим империясының дәулетті адамына тиесілі деген болжам жасады. Алтын табылған жерде құрылыс тоқтатылған. Енді онда археологтар қазба жұмыстарын жүргізбекші. Болжам бойынша алтын көмбенің құны миллиондаған еуроны құрайды.

24.kz
14 қыркүйек 2018 ж. 2 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 020
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 633

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031