» » Тарбағатайдан Алтын адам табылды

Тарбағатайдан Алтын адам табылды

Тарбағатайдан Алтын адам табылды
Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында «Алтын адам» қорымы қазылып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Тарбағатай тауларының қойнауындағы Елеке сазы деп аталатын көрікті жайлаудан біздің заманымызға дейінгі 8-7 ғасырларға жататын сақ ақсүйектерінің қорымы табылған. Қорымның құлпын ашып, құпиясын зерттеп жүрген – археолог Зейнолла Самашев. Археологияны дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында қолға алынған қазба жұмыстарының нәтижесімен ШҚО әкімі Даниал Ахметов барып танысты.
2016 жылы ғана архелогтардың назарына ілінген бұл аумақта 300-ден астам көне бейіт пен қорым бар. Ол туралы алғаш архелогтарға жергілікті шопандар айтқан екен. Зейнолла Самашев пен Әбдеш Төлеубеков бастаған археологтар бүгінге дейін жүздеген қорымның ең үлкен деген екеуін қазып зерттеп үлгерген.
Зейнолла Самашевтің айтуынша, табылған алтын бұйымдар сақ бекзадалары мен ханзадаларына тиесілі болған. Әсіресе әйел затына қажет әшекейлі жапсырмалар мен қапсырмалар, ат абзелінің атрибуттары көп табылған. «Бұл аумақта 7 үлкен қорым, 300-ден астам бейіт бар. Біз қазып жатқан қорымның сыртында 50 метр қашықтықта таспен шеңбер өрілген. Бұл – «Алтын адам» деген ұғымға сәйкес келетін қорымдардың бірі. Қорымның құрылымы үш бөліктен тұрады.
Ең астыңғы қабаты тастан қаланып, оның сырты топырақпен қапталып, бетінен тағы тас қаланған. Сыртқы пішіні мен құрылымына қарап, бұл қорымды Шілікті қорымымен, Жетісудағы Бесшатыр, Тывадағы Аржан, Хакасиядағы Салбық қорымдарымен салыстыруға болады. Ерте сақ дәуіріне келеді» – дейді Зейнолла Самашев.
29 шілде 2018 ж. 2 019 1

JeaCold от 6 наурыз 2019 23:44
Cialis Generique Gratuit where to buy cialis online safely Pharmacycustomercare On Line Pharmarcy

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 951

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930