» » Динозаврлардың ізі табылды

Динозаврлардың ізі табылды

Халықаралық экспедиция құрамында болған бір топ америкалық, австралиялық, қытайлық археологтар Шандунь провинциясында шамамен 120 миллион жыл бұрын жасаған 7 түрлі динозаврлардың 300-ге тарта ізін тапты.  Линь университеті маңындағы геология және палеонтология институты директоры Ван Сиолиннің хабарлауынша осы уақытқа дейін бір ретте динозавр қалдықтары кездеспеген Шандуньда олардың іздерінің табылуы ғалымдарды таңғалдырған. Археологтар табылған іздерге қарап динозаврлар туралы кейбір мәліметтердің жаңсақтығына көз жеткізіп отыр. Себебі табылған іздердің негізгісі дейнонихтерге тиесілі боп (осыдан 121-98 миллион жыл бұрын жасаған кесірткіге ұқсайтын бойы 3,3-5 метр, салмағы 70 келі болатын жыртқыш диназаврлар түріне жатады) ғалымдар оларды жеке-дара өмір сүрген деп келген еді. Бірақ тастағы таңбалар дейнонихтердің топтанып өмір сүргенінен хабардар етуде.

23 маусым 2018 ж. 2 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031