Құрылтай
» » Қытайда қанатының ұзындығы 15 см болатын маса табылды

Қытайда қанатының ұзындығы 15 см болатын маса табылды

Қытайлық ғалымдар қанатының ұзындығы 11-15 см болатын масаны ұстады. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Олар жәндікті былтыр тамыз айында оңтүстік-батыста орналасқан Сычуань провинциясында энтомолог Чжао Ли ұйымдастырған экспедиция кезінде тапқан. Дегенмен мамандар масаның шынымен әлемдегі ең үлкен екеніне көз жеткізу үшін зерттеу жұмыстарын жасап, ол туралы енді ғана хабарлауды жөн көрген. Бұған дейін үлкен масаны 1876 жылы британдық ғалым Джон Вествуд Жапонияда тапқан болатын. Бірақ оның ұзындығы 8 см құрады. Бір қарағанда қорқынышты көрінгенмен, жәндіктің зияны жоқ болып шықты және ол әлсіз ұшады. Табылған маса алдағы уақытта Батыс Қытайдағы жәндіктер мұражайында халыққа көрсетілетін болады. Бұл мұражайда әлемнің 40 елінен табылған 700 мыңнан астам жәндік бар.

02 мамыр 2018 ж. 2 156 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31