» » "Алтын адам" Әзірбайжанда таныстырылады

"Алтын адам" Әзірбайжанда таныстырылады

 
2018 жылдың 22 мамыры сағат 19.00-де Әзірбайжан тарихының Ұлттық музейі ҚР Ұлттық музейімен бірлесіп Халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" көрме жобасын жүзеге асыру аясында "Ұлы дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесін ашады. 
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында: "заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр" деп бүкіл әлем елдерінің мәдени, рухани жаңғыруына баса назар аудартты. Қазір еліміз халықаралық қатынаста өз орнын айқындаған мемлекетке айналып келеді. Әлемнің көп елдерімен мәдени, индустиялық, саяси тәжірибе алмасулар жалғасын тауып жатыр және одан әрі жалғаса бермек. 
Қазақстан мен Әзербайжан арасында бұрыннан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екі жақты қарым-қатынас қалыптасқан. Жыл өткен сайын қос мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыс барлық бағыттарда және оң нәтижелермен дамып келеді. 
Бакуде өтетін «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасының негізгі мақсаты – көрермендерді ерте темір дәуіріндегі Еуразия Ұлы Дала белдеуінің мәдени мұрасымен таныстыру. Көрмеде ҚР Ұлттық музейі қорынан Есік қорғанынан табылған сақ жауынгерімен қатар б.з. дейінгі VII-ІІІ ғасырларға жататын алтын бұйымдар жинағы таныстырылады. 

Көрменің негізгі экспонаты - 1969 жылы Алматы қаласынан шығысқа қарай 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан археолог Кемал Ақышев басқарған археологиялық экспедиция тапқан "Алтын адам". Экспонат костюмі мен бас киімінің барлық әшекейлері киімге тігілген ретімен өзгеріссіз сақталған. Ондағы барлық әшекейлер скиф-сібірлік аң стильінің бірeгей үлгілеріне жатады. Бүгінде "Алтын адам" – бүкіл әлемге танымал, Қазақстанның тарихи символы. 
Археологтар "Алтын адамның" жерлеу камерасынан барлығы 4800 әшекей тапқан. Бұл бұрын-соңды табылған қорғандар ішіндегі Мысыр перғауыны Тутанхамонның қабірінен кейінгі ең көп алтын әшекейлер табылған қорған саналады. Сол сияқты көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорларынан ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі уақытқа жататын күмістен жасалған әйелдер әшекейлері таныстырылады. 
Халықаралық "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" атты жоба аясында ұйымдастырылып отырған "Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесінде таныстырылатын зергерлік өнер туындылары – Еуразияның далалық мәдениетінің өзіндік стилі мен ерекшеліктерін бейнелейтін әшекей-бұйымдар мен бізге аты белгісіз тарих тереңінде қалған шеберлердің қолдарынан шыққан туындылардың бір бөлігі ғана.
Көрме 2018-2021 жылдар аралығында ТМД, Азия, Еуропа және Америка елдерін аралайды. 2018 жылы көрме Шэньси провинциясы Тарихи музейінде (Сиянь қаласы, ҚХР), Гданьск Ұлттық музейінде (Гданьск қаласы, Польша) және Корея Ұлттық музейінде (Сеул қаласы, Корея) өткізіледі. Ал 2019 жылы аталмыш көрмені Жапония, Грузия, Ұлыбритания, Испания және Түркия мемлекеттерінің музейлерінде өткізу жоспарланып отыр. 2020 жылы АҚШ, Италия, Австрия, Франция және Германия музейлерінде өткізу жоспарланған. 
"Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары" көрмесі Баку қаласында 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
massaget.kz
16 мамыр 2018 ж. 1 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031