» » Қазақстандық миллиардерге іздеу жарияланды

Қазақстандық миллиардерге іздеу жарияланды

Салық органы "Азия Авто" АҚ және "БИПЭК Авто Қазақстан" акциялар пакетінің иесі Анатолий Балушкинге іздеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Бас прокуратура порталының мәліметіне сәйкес, бизнесмен тергеуден жасырынып жүргендер тізімінде тұр. 
Балушкинді Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті іздестіріп жатыр. 
Forbes ақпараты бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына дейін 65 миллиард теңге жинақтаған.
Өткен жылы Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Балушкин басқарған автомобиль концернімен ынтымақтастықты тоқтатқандықтан және компанияның 10 жыл ішінде алған преференциялары мен жеңілдіктерін 405 миллион доллар мөлшерінде қайтаруды талап еткендіктен дағдарысқа тап болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдегендей, компания өндірісті жаңғырту бойынша өз міндеттемелерін орындамаған. Сот талқылауларынан кейін LADA және Kia шетелдік серіктестері "Азия Авто" кәсіпорнында өз автомобильдерін құрастыруды тоқтатты. Зауыттың 2 мыңға жуық қызметкері жұмыссыз қалды.
09 тамыз 2021 ж. 3 039 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 279
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 157

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031