» » «Abay175» деген жазуы бар көліктер сатылымға шығады

«Abay175» деген жазуы бар көліктер сатылымға шығады

Қазақстандағы ірі автоқұрастыру зауыттарының бірі – «Азия Авто» Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында арнайы сериямен көліктер шығарып жатыр.
«AltayNews» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, LADA Granta маркалы автомобильдерінде «Abay175» деген жазу болады. Салонында Абайдың қара сөздерінің кітабы бар. Мерейтойлық коллекция LADA Granta-ның Classic, яғни базалық жабдықталу үлгісіндегі 500 автокөлігінен тұрады. Кәсіпорынның өзінде «халықтық көлік» деп аталатын бұл модельдің бағасы – 2 млн 820 мың теңге.
 «Abay175» коллекциясы ақпан айының аяғында сатылымға шығады.
«Азия Авто» АҚ басшысының мәліметінше, 2019 жылы LADA Granta жергілікті зауыттар құрастырған көліктер ішінде ең танымалы болып, бес мыңы сатылған.

24 ақпан 2020 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031