» » Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды

Қазақстанда сұранысқа ие көліктердің тізімі анықталды

2018 жылдың төрт айында Қазақстанда сатылған көліктердің 46 пайыздан астамы отандық автозауыттарға тиесілі. Бұл туралы "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті. - 2018 жылдың қаңтар-сәуірінде ресми дилерлер 15 627 автомобиль өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 41,8 пайызға артық болды. Есепті кезеңде қазақстандықтар жеңіл көліктерді сатып алуға 374,2 млн АҚШ доллары сомасында қаржы жұмсады, - делінген таратылған мәліметте. Аталған кезеңде өткізілген 8 311 автокөлік (53,2%) импортқа, ал 7 316-сы (46,8%) еліміздегі автозауыттардың өнімдеріне тиесілі. Атап айтқанда, 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сұранысқа ие брендтердің алғашқы бестігінің көшін Lada (3 670 көлік) бастап тұр. Сатылған көлік саны бойынша екінші орынға Toyota (2 958) тұрақтаса, үшінші орынға Hyundai (1767) шықты. Сонымен қатар бұл бестікке Ravon (1601) мен KIA (829) брендтері де енді. - Жеңіл көліктер рейтингінде Lada 4×4 (1073), Lada Granta (980) және Toyota Camry (961) көш бастап тұр. Сондай-ақ бұл ТОP-5 модельдер қатарына Ravon Nexia (921) мен Hyundai Tucson (602) кірді, - деп атап өтілген "ҚазАвтоӨнеркәсіп" мәліметінде.   

18 мамыр 2018 ж. 1 625 1

JeaCold от 18 ақпан 2019 00:03
Propecia Effects On Women Oral viagra Buy Levitra Professional Online

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 504
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930