
Бұрымды қыздың елесі (әңгіме)
Түн ауа Қазалыға сапарлаттық. Жол тайғақ болған соң қолға іліккен билетке тапсырыс беріп, небәрі бес минут аялдайтын жүрдек пойызға асыға міндік. Іші үңгірген тыныштық. Жұрттың бәрі қалың ұйқыда жатса керек. Орныма отырайын десем, әлдекім жайғасып қойыпты. Әрі-бері түртіп, ақыры ояттық.Орта жастағы келіншек...