» » Қауіпсіздік – басты назарда

Қауіпсіздік – басты назарда

Жосалы кенті тұтынушыларына табиғи газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жасалды.Назар аударыңыз! ГАЗ - үлкен қауіп көзі!
ШЖҚ «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК «Тұрмыстық газ қондырғыларын пайдалану ережелерін» сақтау қажеттілігін еске салады.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының(бұдан әрі-Заң) 19-бабы 1-тармағына сәйкес «Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті», сонымен қатар 30-бабы 4-тармағында «Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті» делінген.
Табиғи газ-адам үшін үлкен игілік.Ол ыңғайлы, үнемді.Ондаған жылдар бойы ол біздің үйлерімізге жылулық пен жайлылық әкеледі.Алайда, табиғи газ өзіне мұқият және жауапты қарым-қатынасты талап етеді.Газқайғылы жағдайларға соқтырмас үшін тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет.
Тек жұмыс істейтін газ жабдықтарын пайдаланыңыз. Жалынның түсін бақылаңыз, егер ол қызғылт сары болса - бұл құрылғының ақауы бар екенін білдіреді, газ мамандарын шақыруыңыз керек.
Тыйым салынады:
-пешті пайдалануға балаларды және өз ісіне жауап бере алмайтын,пешті пайдалану ережелерін білмейтін өзге адамдарды жақындатуға;
-пеш қондырғыларына өз еркімен өзгеріс енгізуге және жөндеуге;
-бекіткіштің иінтірегін клапан батырмасына күштеп тартуға, себебі бұл қауіпсіздік автоматикасын істен шығарып, қайғылы оқиғаларға себеп болады
-газ плиталарын үйді жылыту үшін қолдануға ;
- желкөз және желдеткіш каналдар жабық тұрған кезде, қаланған кірпіштердің тұтастығы бұзылғанда, сылақ жарылғанда және мұржадан түтін тартпағанда пештерді пайдалануға;
- газ жабдықтары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға және демалуға ;
-жанарғыны өз еркімен бұзып, қайта орнатуға;
-қолдан жасалған пештерді өз күшімен орнатуға, пайдалануға.
Мұржада және желдету каналдарындатартқыштың болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін.Түтін құбырларына жану өнімдерін шығаратын газсу жылытқыштарын, пештердіжәне басқа газ құрылғыларынәрбір пайдалану алдында, мұржада тартқыштың болуын тексеру қажет. Түтін және желдеткіш жүйелерінің құрылғыларын өзгертуге, желдеткіш каналдарын желімдеуге,газ пайдаланатын жабдықтың түтін шығарғыштарын желдеткіш каналдарына қосуға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді жабуға немесе желімдеуге болмайды.Жеке тұрғын үйлердің иелері мұржалардың ұштарын қыста мұз қату мен бітелудің алдын алу үшін, сондай-ақ қысымның төмендеуіне байланысты көбінесе күз-қыс мезгілінде болатын «кері тарту» әсерінің пайда болуына байланысты мерзімді тексеріп отыруы керек.
Пеш түтіндігінің дұрыс тартуын тексеріңіз және ақау жоқтығын қатаң қадағалаңыз! Улы газ өлімге соқтырады! Сіздің және жақындарыңыздың өмірі өз қолыңызда!
Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, пайдаланылатын газ жабдығының жарамдылығы да маңызды рөл атқарады. Қайғылы жағдайдың болмауы үшін пәтер ішіндегі және үй ішіндегі газ жабдықтарына мерзімді техникалық қызмет көрсету қажет. Заңның 19-бабы 3-тармағына сәйкес,«коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті». Сондай-ақ, осы Заңның 19 бабының 5-тармағына сәйкес, «коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады».
Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнатыңыздар.
Пәтерде газ иісі сезілсе жедел түрде барлық газ крандарын жабу керек. Бөлмені желдету үшін желдеткіштер мен терезелерді ашыңыз.
От жақпаңыз, темекі шекпеңіз, электр жарығы мен электр құрылғыларын қоспаңыз және өшірмеңіз, электр қоңырауларын қолданбаңыз.
Газдалмаған бөлмеден «109» телефонына қоңырау шалып, апаттық қызметін шақырыңыз.

ГАЗ ОНЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕ ҒАНА ҚАУІПСІЗ БОЛАДЫ.
ТҰРМЫСТА ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ.
15 мамыр 2022 ж. 1 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10110)

02 шілде 2022 ж.

№51 (10109)

28 маусым 2022 ж.

№50 (10108)

25 маусым 2022 ж.

Оқиғалар

Қарғыстың да ағы бар
02 шілде 2022 ж. 180

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031