» » Газ құю бекеттеріндегі қауіпсіздік

Газ құю бекеттеріндегі қауіпсіздік

Өткен аптада ауданық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлерімен бірге кент ішіндегі барлық газ құю бекетін аралады. Онда тұрмыстық газ баллондарын рұқсаты жоқ бекеттерде газ толтыруға болмайтыны жөнінде ескертпе қағаз таратты.

"Газ және газбен жабдықтау туралы" ҚР-ның 2012 жылғы 9 қаңтарындағы №532-ІV Заңына сәйкес, автогаз құю стансаларында сұйытылған газды тұрмыстық газ баллондарына құюға тыйым салынады» делінген. Тек арнайы рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен стансаларда газ құюға және толтыруға болады. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пунктері өз кезегінде толтырылатын тұрмыстық баллондардың техникалық жарамдылық тұрғысын тексеруге және газ толтыру пункті иесінің тұрмыстық баллондарды тауарлық белгісімен таңбалауға міндетті. Сонымен қатар тұтынушыларға сатылатын тұрмыстық әрбір баллонның сапасына кепілдік талонын бере отырып, газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ

29 қыркүйек 2020 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 741
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031