» » Газда өрт шығу және жарылу қаупі бар

Газда өрт шығу және жарылу қаупі бар

Газ баллонды арнайы пунктерде, тұрмыстық баллонды толтыруға арналған, салмақ өлшейтін тура таразымен жабдықталған, нормативтік дәлме-дәлділікті қамтамасыз ететін, толып кеткен жағдайда төгу үшін арнайы құрылғыcы бар жерде толтырылуына аса көңіл бөліңіздер;
Газ баллонды тұрғын үйде, пәтерде сақтауға, сонымен қатар баллонның қызып кетуіне жол бермеңіздер (жылу жүйесінің, ашық оттың, жоғары бөлмелік температураның әсерінен);
Газ баллонды ауасы жиі тазартылып тұратын бөлмеде тек тік күйінде сақтаңыздар;
Баллонды ауыстырғанда кранның жаңа және дұрыс екендігіне, жалғанған жерінде газдың шықпайтындығына көз жеткізіңіздер (сабын көбігін жағу арқылы);
Газ баллонды газ плитасымен қосу кезінде, арнайы жұмсақ рәзіңке шлангті, ұзындығы бір метрден аспайтын, қысқышты пайдаланыңыздар. Оның созылуын немесе қысылып қалуына жол бермеңіздер;
Қолданбайтын баллондарды (толтырылған немесе бос) бөлмеден сытқары сақтаңыздар;
Балалардың газ жабдықтарына қол тигізуіне жол бермеңіздер;
Газ жабдықтарын пайдалану кезінде, тізбектілікті сақтаңыздар: алдымен сіріңкені жағыңыздар, содан кейін газды қосыңыздар. Газдан уланып қалмау мақсатында тамақ дайындау кезінде қараусыз қалдырмаңыздар, себебі байқаусызда сұйықтық төгіліп отты өшіруі мүмкін. Жанарғыны жиі тазалап тұрғандарыңыз абзал. Газ жабдықтарымен жұмысты аяқтаған кезде, кранды жабуды ұмытпаңыздар. Бөлмеде газдың иісі сезілген жағдайда міндетті түрде кранды жабыңыздар, содан кейін терезені және есікті барынша ашыңыздар, ашық отты мүлдем қолданбаңыздар. Электр жүйесін және аспаптарын қоспаңыздар, телефон бауын тоқ көзінен суырып тастаңыздар. Егер жағдай бақылаудан шықса, өртке қарсы қызметіне «101» немесе «112» нөмірлері арқылы қоңырау шалыңыздар!

Д. БАЙРАХМЕТОВ,
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар
бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты

15 шілде 2020 ж. 1 020 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031