Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді
Егер Сіз аулаңызды ретке келтіріп қана қоймай және демалыс күндері табиғат аясында демалуды жөн көрсеңіз Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
- құрғақ шөптерді, қоқысты жағу тұрмыстағы өрттерге ғана емес, сондай-ақ орман-дала өрттеріне, мүліктің бүлінуіне, адамдардың жарақат алуына және қаза болуына әкелуі мүмкін;
- ғимараттардан 50 метр жақын жерде, аулалардың аумағында, бақшада от жағуға жол бермеңіздер;
- құрғақ шөптің, қоқыс қалдықтарын, терек түбітін, өндіріс қалдықтарын өртемеңіздер;
- темекі шеккенде абай болыңыздар;
- жеке аулаларыңызда өрт сөндіру мақсатында су және құмы бар сыйымдылықты немесе басқа да алғашқы өрт сөндіргіш құралдарын ұстаған жөн;
- жел күшейген кезде міндетті түрде от жағуды, ашық отты пайдалануды тоқтатыңыз;
- табиғат аясында демалған кезде жанып жатқан отты бақылаусыз қалдырмаңыз, міндетті түрде демалыс орнынан кетер кезде отты құммен көміп немесе толық сөнгенше су құйып тастау қажет, өз артыңыздан қоқысты жинап және жанғыш заттарды қалдырып кетпеңіздер.
Есте сақтаңыздар, ұқыпсыздық – қайғылы жағдайға әкеледі. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар. Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт қауіпсіздігі саласындағы
бақылау және профилактикалық
қызмет басқармасы