» » Қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

Қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

   ЖОСАЛЫ, 16 ақпан – qarmaqshy-tany.kz Тұрмыста қолданылатын метан сұйытылған газ баллондар да аса қауіпті болып табылады. Газ баллондарды орнату және газ плиталарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Абайсыздықтың арты ұқыпсыздыққа айналуы ғажап емес. Тұншықтырғыш газ – тұрғындардың отпен абайсыздығы мен тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықта тұрмыстық үйлерде адам қазасы мен жарақатына себеп болатын кең тараған жағдайдың бірі.
   Осындай қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін тұрғындардың алдымен қырағы болып, төмендегі ережелерді мұқият есте сақтағандары жөн:
- таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау таразыларымен, артық толтырылған баллондардан газды құюға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды;
- баллонды суықтан жылыға кіргізуге, жылу көздерінің жанына қоюға болмайды – күрт кеңейтуге әкеліп, нәтижесінде жарылыс болуы мүмкін;
- баллонды ауыстырар алдында жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз. Ауыстырылғаннан кейін қосылыстардың герметикалылығын тексеріңіз (сабын ертіндісін жағу арқылы);
- баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
- газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
- тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;
- газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтардың отқа төгілмеуін қадағалау. Жанарғыларды үнемі тазалаңыз. Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз;
-баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына көз жеткізу қажет.
- газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз;
- балаларға плитамен қолдануға жол бермеңіздер;
    Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек баллонға сырттан түскен жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар. Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Егер баллонды өшіре алмасаңдар, онда багердің немесе сол сияқты заттың көмегімен жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек және 101 немесе 112 телефоны бойынша өрт қызметін шақыру қажет. Тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау өрттерге, күйіктерге және т.б. салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін тағы бір рет естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз! Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар!

Д.Байрахметов,
төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері,
азаматтық қорғау подполковнигі
16 ақпан 2020 ж. 1 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031