» » Тұрмыстық газбен улану қалай болады?

Тұрмыстық газбен улану қалай болады?

Жедел интоксикация газды жұтқан кезде дамиды. Үй-жайлардың ауасында тұрмыстық газ бірнеше жағдайларда пайда болуы мүмкін:


- газ құбырларының түйісу орындарындағы қосылыстардың жұқа болуы;

- газ құбырлары мен шлангтар тұтастығының бұзылуы;

- газ плитасындағы жалынды басқару краны тұтқасының тығыз жабылмауы;

- газ жабдығының ақаулығы;

- суицид немесе кісі өлтіру мақсатында газдың ағуын әдейі ұйымдастыру.

Тұрмыстық газдың түнде таралуы ерекше қауіп тудырады, себебі өрістеуші гипоксия ұйқының физиологиялық жай-күйіне әсер етеді және ол мүлде байқалмайды, бұл ретте зардап шеккендер есін жиып үлгермей, өліп кетеді.
Улану белгілері. Ауадағы газдың шоғырлануына байланысты улану дәрежесі жеңілден ауырға дейін құбылады, ең әрі дегенде – тез улану орын алады. Жеңіл дәрежеде уланғанда: құлақта шу, зыңыл; бас ауруы; бас айналуы; көз бен жұтқыншақты тесу және күйдіру; мұрыннан су, көзден жас ағу пайда болады.

Газдан уланудың алдын алу мақсатында газ жабдығының жай-күйін жүйелі түрде бақылау, оны жарамды күйде ұстау қажет. Техникалық ақау табылған жағдайда, сондай-ақ ақау тууы ықтимал күдікті жағдайда газ беруді дереу тоқтату керек және "104" нөмірі бойынша мамандарды шақыру қажет (қызмет тегін). Газ жабдығы бар үй-жайда желдетуді қамтамасыз ету керек.
Газ аспаптарында Автоматты авариялық жүйе болмаған жағдайда – оларды бақылаусыз қалдырмау керек. Әсіресе түнгі уақытта үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын қолданбау керек. Газды пайдаланып болғаннан кейін газ аспаптарындағы крандар мен вентильдерді, ал баллондарды пайдалану кезінде баллондардың вентильдерін жабу керек. Ұзаққа үйден шығарда газ құбырларына газ жіберуді тоқтату керек. Балалар ойындарында газ жабдықтарын пайдалануға жол бермей, балаларды плиталардың, газ баллондарының жанында жалғыз қалдырмау керек. Тамақ дайындау барысында конфорканың құрғақ болуын, оларға сұйықтықтың төгілмеуін қадағалау керек.

Табиғи газ жарылысқа қауіпті қасиеттерге ие және өрт кезінде шығыннан он есе асатын зиян келтіруі мүмкін. Бір адамның абайсыздығынан көп пәтерлі үйлердің қираған жағдайлары белгілі. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыздар!
Еркін  ЕСЕТҰЛЫ,
Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы,
азаматтық қорғау майоры

23 қараша 2018 ж. 3 543 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031