» » Мерзімі өткен тауарды дүкенге қалай өткіземіз?

Мерзімі өткен тауарды дүкенге қалай өткіземіз?


ЖОСАЛЫ, 21 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Кез келген тауарды қайтару үшін сауданы растайтын құжат қажет. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 18-бабына сәйкес тұтынушы сатушыдан (өндірушіден, атқарушыдан) тауарды сатып алғандығын растайтын құжат – кассалық немесе тауарлық чек, сауда түбіртегін немесе ақшаны алғандығы жөнінде қолхат талап етуге құқылы.


Аталған Занның 18-бабына сәйкес лайықсыз сападағы тауарды қайтару кезінде тұтынушыда тауардың сатып алғандығын растайтын құжаттың жоқтығы оның тауарды сатып алғандығын дәлелдейтін фото – видео материалдарды пайдалану және куәгерлерді тарту құқығынан айырмайды. Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларды ескермегенде, дүкеннің фото және бейнежазбаларын пайдалануға құқылы (Заңның 24-бабы).
Занның 30 бабы 1-1 тармағына сәйкес, сатушы (өндіруші) мерзімі өткен, өнімнің техникалық регламент белгілеген талаптарына, нормативтік құжаттарына сай келмейтін, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды оның қолданылғандығына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбасының, затбелгісінің сақталмағандығына қарамастан, тауар сатып алынған мерзімнен 30 күн ішінде айырбастауға немесе сатып алынған тауар соммасын қайтаруға міндетті.
Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департамент
21 мамыр 2020 ж. 913 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031