Қазақстандық тұтынушылар қандай қателіктер жібереді?

«Тұтынушылар тауарды сатып алған кезде оның ақауы бар-жоғын дұрыстап қарап алмайды, ал арада біраз уақыт өтіп кеткеннен кейін оны дәлелдеу қиынға соғады», - деп түсіндірді ол.Сондай-ақ, қазақстандықтар жиһаз сапасы мен аяқ киім сапасына жиі шағымданады. Тұтынушылар жиһаздың да кепілдік мерзімі болатынын естерінде ұстауы керек. Диван, төсек-орын, орындықтардың кепілдік мерзімі 24 ай, ал корпустық жиһаздың кепілдік мерзімі 18 ай болса, аяқ киімнің кепілдік мерзімі 30 күн.
Барлық жағдайда тауарды сатушыға беріп, ашасын қайтарып алу үшін алған затыңызда бастапқыда ақаулы болуы керек. Сатып алған затыңызды мүлде қолданбаған жағдайда ғана басқа тауармен алмастырып алуға құқылысыз. Сейтқалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта сатушылар сатып алушымен өзара түсіністік тауып, келісімге келуге тырысады.