» » ТАУАРҒА ЧЕК ТАЛАП ЕТЕСІЗ БЕ?

ТАУАРҒА ЧЕК ТАЛАП ЕТЕСІЗ БЕ?

Сатып алған әр затыңыз үшін чек талап етесіз бе? Рас, чек мәселесіне келгенде немқұрайлық танытамыз. Чек – сіз сатып алған тауарды растайтын құжат. Онсыз ешнәрсе дәлелдей алмайсыз. Кез келген дүкен тұтынушысы сатып алған затының фискалды чегін талап етуге құқығы бар. Біз сомасы үлкен зат болмаса чек талап етіп жатпаймыз. Кейбір дүкендерде тіпті кассалық аппарат та жоқ.  Ал чек беріп тұрған дүкеннен оны алмай кететінін қайтерсіз?
Салық заңына сәйкес, дүкен мен мейрамханаларда, тұты­нушыға қызмет көрсететін басқа да орындарда міндетті түрде кассалық аппарат жұмыс істеп тұруы тиіс. Себебі заңды және жеке тұлғалардың табысы және оған салынатын салық мөлшері – осы аппаратқа сай төленеді. Ал салық – халықтың қазынасы. Мемлекет бар жерде халық болса, халық бар жерде салық болатыны айтпаса да түсінікті.
Жақында осы мәселе бойынша кент әкімдігінің мәжіліс залында аудандық кірістер бөлімінің басшысы Данияр Қосбергеновтің жүргізуімен жиын өтті. Жиынға сала мамандары мен бірқатар жеке кәсіпкерлер қатысты.
Жиында кассалық аппараттарды онлайн бақылау кассасына көшіру жайы сөз етілді. Иә, қазір барлығы «онлайн жүйеге» көшіп жатыр. Бұл бір жағынан уақыт үнемдеп, жұмыстың жүйелі жүруін қадағалайды. Онлайн бақылау кассалық аппараттары кәсіп­кердің табыс көзіне сәйкес салық мөлшерін анықтауға септігін тигізеді. Мемлекеттік салық қорына да тиімді болары сөзсіз.
Мұнан бөлек алкоголь өнім­деріне рұқсат алу жайы да қоз­ғалды. Осы мәселеге сәйкес вок­зал маңында дүңгіршектің са­тушылары сатып отырған алкоголь өнімдері төленетін салық мөл­шеріне сай келмейтінін айтты. Бөлім басшысы ­Дани­яр Қос­бер­генов бұл мәселеге қа­тысты арнайы 15 күнге тексеру жұмыстарын жүргізіп, оң шешімін табуға уәде берді.
Еліміздің барлық аймағында «Чек талап ет те, жүлде ұтып ал» акциясы аясында 100 күнге 100 смартфон ұтысы өтіп жатқаны белгілі. Дегенмен аудан тұрғындарының белсенділігі төмен болып отыр. Осы акцияға қатысып смартфон ұтып алуға мүмкіндік бар. Ол үшін та­уар мен көрсетілген қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чекті  «Таңдау» мобильдік қосым­ша­сында тіркесе болды. Ал бұл қосымшаны смартфонның App Store, Google Play market-тен тегін жүктеп алуға болады. Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.
 Жиын соңында бөлім басшысы осы акциядан смартфон ұтып алған Төретам кентінің тұрғыны Әлішер Абылаевты құттықтап, ұтысын табыстады. Қарапайым сатып алынған тауардың чегін «Таңдау» қосымшасына тіркеп, ұялы телефон ұтып алуға мүмкіндік бар. Тек чектің мерзімі акция басталған уақыттан ерте болмауы тиіс.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
11 маусым 2019 ж. 1 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031