» » Газ пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік шарасын сақтау қажет?

Газ пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік шарасын сақтау қажет?

Тұрмыстық газ адам үшін пайдалы ғана емес, сонымен бірге қауіп-қатердің көзі. Күнделікті өмірде табиғи газдың екі түрі қолданылады: үйлерге құбырлар арқылы кіретін негізгі және баллонда жеткізілетін сұйытылған газ. Тұрмыстық газдың шығуы улануға немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан өздеріңіздің, балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзіңізді және айналаңыздағы адамдардың өміріне өлім қаупін төндірмеу үшін табиғи газ және тұрмыстық газ құралдарын пайдалану ережелерін есте сақтаған жөн.
Орталық коммуникациялар қызметінде "Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін және тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" брифинг өтті. Ол жерде  ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Пішембаев Мереке Кұдайбергенұлы газ балондарын қолдануда қауіпсіздік шаралары бойынша айтты.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі қазіргі уақытта газ баллонынан болатын жарылыс пен өрт азаймай тұрғанын айтып, оларды пайдалаеу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға жақырды.
"Бірінші кезекте, газ және газбен жабдықтау салалары қоғамдық қатынастарының құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері  газ және газбен жабдықтау заңымен реттеледі. Мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейміз.  Табиғи мұнай негізінде халықты газ жүйесімен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Газды орнататын компанияларды аккредитациялау жүзеге асырылады. Енді алдағы уақытта табиғи газ бен гал баллондарын қауіпсіз эксплотациялау жергілікті әкімшілік міндетіне жүктеледі. 729 статяға сәйкес табиғи газ бен газ баллондарын пайдалану кезінде тұрғындар өрт қауіпсіздігін сақтамаса жергілікті әкімдік тарапынан жауапқа тартылады. Өрт және жарылыс болмауы үшін инспекторлар қадағалу жұмыстарын жүргізді. Осы жылдың 10 айында 103 тексеру жұмысы жүргізіліп, 1053 қауіпсіздік шаралары бұзылғаны анықталды. Аталмыз заң бұзушылық бойынша жалпы 9 миллион теңгеден асатын 76 айыппұл салынды", - деді Пішембаев Мереке.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрінің айтуынша, биыл сонымен бірге, өткен 10 айдың ішінде респбликаның бүкіл аймағында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен газды дұрыс пайдалану бойынша түсіндіру шаралары жүргізіліп, нұсқаулық парақшалары таратылған.
Сонымен бірге, ол газ баллондарын қолдану кезінде мынадай сақтық шараларын ұстану керек екенін айтты.
- газ баллонын қосар алдында, газ шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз;
- газ баллонын жылу бөлетін құралдардың қасына орналастырмаңыз;
- газ баллондарына техникалық қызмет көрсету үшін тек мамандандырылған ұйымдар қызметіне жүгініңіз;
- тұрмыстық газ баллонын жанармай бекетіндегі газ станцияларынан толтырмаңыз.
"Жанармай бекеті тұрмыстық газ баллонын толтырса, заң бойынша айыппұл салынады. Құрметті тұрғындар! Газ баллоннын қауіпсіздік шараларын сақтап пайдалану сіздің ғана өміріңізді емес басқа да адамдардың өмірін сақтайды және мүлкіңіздің қауіпсіздігі саналады", - деді Пішембаев Мереке.
Пішембаев Мереке Қазақстанның басым аймағында газ қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын айтты.
"Бүгінде жергілікті әкімдік сайттарындағы ресми мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан бөлек аймақтарда газ қауіпсіздік шаралары жеткілікте дәрежеде сақталмайды", - деді ҚТЖ вице-министрі.
Сонымен қатар ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі тұрмыстық газ баллондарын көбіне ауылдық жерлерде жиі пайдаланатынын атап өтті.
"Гал баллондарын пайдаланушылардың басым бөлігі ауылда тұрады. Баллондардың көбі ескі. Оларды пайдалану мерзімі 30 жылдан аспау керек және әр 5 жыл сайын тексеруден өткізу қажет. Әкімдікке қарасты газ испекциялары да міндетін дұрыс атқармай отыр. Салдарынан газ жарылып, адамдар қайтыс болады", - деді ҚТЖ вице-министрі.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі алдағы мереке күндері газ пайдалану кезінде сақ болуға шақырды. 
Ресми мәлімет бойынша, биыл 55 рет газбен байланысты жарылыс болған. Оның ішінде газ баллоны 16 рет жарылған. Салдарынан 86 адам жарақат алып, 6 адам уланған, 21 адам қайтыс болған.
Газды пайдалану ережелерін бұзу тұрмыстық газдың жарылуына әкеп соқтыратынын, бұл ғимараттың бір бөлігінің немесе толығымен опырылуына, өртке, ауыр жарақаттарға және адамдардың өліміне әкеп соқтырады. Сондықтан оларды бұзған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

30 желтоқсан 2021 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 080

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031