» » Сынықшының шындығы

Сынықшының шындығы

Ащысайдың күн шығыс тұсында, тауға тырмыса салынған үй бар болатын. Ол үйде өзбек емші тұрды.Анығында сынықшы екен.Кәзір хабарым жоқ.
Өзгелер қазақ дейді. Мен бірақ ала тақиясы мен әйелінің шымқай атластан киген көйлек дамбалына қарап, не өзбек не азербайжан ау деп шамаладым.
Осыдан 20 жылдай шамасында сол кісіден ем алғанмын.
Емші,тәуіп десе біздің көз алдымызға аппақ,мұнтаздай киінген,үйі жылан жалағандай таза тұратын отбасы елестейді емеспе?!
Ал ол үйден одан ештеме байқалмайды.Әйеліде қарапайым,керсені ашық,керлені шашық жатыр.Жүгірген бала көрінбейді.
Сынықшы дөңгелете сақал мұрт қойған,ақұба,реңді адам екен.

Мен ылғи бастырылып қала беретіндіктен,енем қоярда қоймай дем салдыруға апарған.
- Назарланған, үш күн емдеймін деді.
Жолдасым жұмысқа түсетін болып,енеммен қайтатын болды.Мен кішкене қайынсіңліммен қалдым.
Күніне үш мезгіл молда үшкіреді,қалған уақытта құдайдан қол бос.Сарқыраған өзеннен басқа қызықта жоқ.Тауға шықпақ түгілі қарай алмайсың.Жылтыраған,құлама құздар.Қыры қылыштай жартастар,жазатайым құласаң қақ бөлуі кәдік.
Молданың әйелі қарабайыр,жүдә момын екен.Жұбайымен қай уақытта сөйлеседі деп ойлаймын.Дауыс шығарып,бірдеңе сұрап,болмаса айтып жатқанын көрмедік.
Әлі піспеген басыма:молданың әйелі сөйлемеу керек шығар деген ой келді.
Екі күнді итшілеп өткізіп,үшінші күні таңда дем салып отырып молда:-Байқаймын іштерің пысты ау,менің әйелімде әңгімешіл сөзшең емес.Қаласаңдар бүгін баққа апарайын деді.Кілең тау тастың арасында ненің бағы деп таңдансақта,баруға келістік.
Күн көтерілмей,әйелі екеуі дастарханға керек жарағын көтеріп,оранып үйден шықты.
Біз соңдарынан ердік.
Біз барған жолға емес,биікке қарай өрмеледік.Төбеңнен төнген жартаспен шыңдарға қарап келе жатып,тау ортасына орналасқан баққа келдік.
Кәнігі бағбанның қолынан шыққаны көрініп тұр.Қаз қатар жайқалған жеміс талдар мәуесін төгуге дайын-ақ екен.
Құмның ортасында өсіп,жемісті сатып жеп өскен балаға талдан үзіп алудың қаншалықты керемет екенін өздеріңде білесіздер,бір жасап қалдық.
Біздің ана талға бір,мына талға бір жүгіргенімізді көріп,жұбайы екеуінің жүзіне күлкі үйірілді.Келгелі томаға тұйық,салқын,самарқау кейіптеріне қарап:-осылар,күлудің не екенін білмейтін шығар деген едім.Күлгенде екеуіде әдемі болып кетеді екен.
Жеңіл желпі тамақпен шай ішіп,әйелі түскі тамаққа кірісті.
Молдекең(Молда деп дырдай қылғаны болмаса,сол кезде 30 ға жетпеген жігіт ағасы) жастыққа жантайды.
- Келгелі қолыңнан кітап түспеді.Жас келін бола,кітапқа деген құмарлығыңды тастамағаның жақсы.
Кітап құмарлар,әңгіме құраушы болады дейтін әкем.
Сен сұрамасаңда,мен саған осы жолға қалай келгенімді айтып берейін.Әрі уақыт өтсін,болама деді.
-Әрине,аға,о не дегеніңіз.Біз дайынбыз тыңдауға дедік.

"Әкем діни сауаты бар, өте білімдар жан болды. Анда санда адам қарайтыны бар еді. Ал мен қарапайым, ештемемен шаруам жоқ, тыныш қана өсіп жетілдім. Барлығыда әскерге барған соң басталды.
- Он сегізге толған соң,әскер қатарына әкетті.(Қай жер дегені есімнен шығыпты,кешірім сұраймын.Автор)
Күніге дайындық,жүгіру оны енді сендер білмейсіңдер,әскерде болғандар жақсы біледі.
Бірде мина,бомба тексеру сабағы болды.
Дәл сол жерде тұрған жерімнен мені бір жаққа жұмсап жіберген,он қадам аттадымба,білмеймін,артымнан жойқын жарылыс шықты.Менімен қатар мина қарап отырған төрт жігіттің дымы қалмапты.Күлдері көкке ұшыпты.
Есеңгіреп кеттім.Аллаға алғаш шүкір айтып,калимамды қайталадым.
Әлгі жігіттердің қалдықтарын теріп алып,ауылдарына аттандырдық.
Сол күннен бастап түсіме ылғи мола кіретін болды.Мола болғандада,аппақ сүйектердің ортасында жүремін.Белгісіз бір күш "мына сүйектерді құра"деп әмір беретіндей.

Қурап кеткен ақ сүйектердің ішінен ненің не екенін білмей есім шықты.
Түсіме аян беру бір ай бойына жалғасты.
Құрап ақ тастағым келеді,бірақ бас,қол аяқтан басқаны ажырата алмайтынымды айтып,қанша жалынсамда тыныштық бермеуді жалғастыра берді.
Түнде ұйықтау арман болды.
Бір күні түсіме қайтыс болған төрт сарбаз кірді.Әлгілер бет ауыздары қан-қан бір бірінің қол аяғына таласып"менікі,менікі"деп қырқысумен болды.Бір бірінің қолын,аяғын, басын жұлып алып жатқандарына қарап,шошып ояндым.
Тұра сала, жанымда мұсылманнан жалғыз ұйғыр бала бар еді,соған айттым.

- Әә,жігітім.Біз олардың дене мүшелерін әбден шатастырып жіберіппізда. Олар сол өз денелеріне таласып жүр екен.Ол жерде кімдікі екенін ажыратындай болдық па,әйтеуір түгелдеп салған болдық қой.
Бұл өте қиын болды деді.
Екі жағым шүңірейіп,жағым суалып кеткенін көрген командирім,шақырып демалыс берді.
- Ауылыңа барып кел,мазаң қашып кетті.Бүйте берсең ауырып қаласың деді.
Қуанып кеттім.Достарыммен қоштасып,ертең жүремін деген күні командир шақырды.
- Сені штаб бастығы шақырып жатыр,тез барып кел,сосын аттанарсың деді.
Мені бірақ штабқа емес,ауруханаға әкелді.
Ақ дәкеммен орап тастаған адам.Жанында тағы бір екі дене мүшесі жатыр.
Біздегі жағдай басқа бір бөлімшеде қайталанып,құдай қарасқанда бірақ адам зардап шегіпті.Кеудесінде жан бар.
Бірақ ол бала,штаб бастығының жақыны болып шығады.
Оқиға кеше кешке болған.Дәрігерлер:- ағзалар жалғауға жарамсыз.Орнына қою мүмкін емес депті.Құдайдың құдіретімен Штаб бастығы түсінде,сүйек жинап отырған мені көреді.Содан далбасалап шақырған түрі екен.
Түсімде болмаса,өңімде адамның бөлінген денесін көрмеген басым,жүрегім айнып,өліп қала жаздадым.
- Осыны орнына қойып берсең,бірден ауылыңа қайтасың деді бастығым.Әлі екі жылым бар болатын.
Бір күнге рұқсат сұрадым.Ойым штаб бастығына айтпай ауылға тайып қалу.

Командирдің рұқсат қағазы бар,Штаб бастығы ары кетсе,сөгіс беріп,жекеге тығар деп ойладым.
Сол оймен жатаханаға келіп,затарымды буып түйіп,қашуға дайындалдым.Кеш бата ертерақ душқа түсіп алдымда,жатып қалдым.
Түннің бір уағында біреудің түрткенінен ояндым.Үлкен сәлделі кісі- кәне тұр балам,жүр менімен деді.
Артық сөзге мұрша келмей,соңынан қалай ілескенімді білмеймін.Кілең аппақ боп қурап кеткен сүйектердің ортасынан шықтық.Үн түнсіз әлгі сүектерді құрай бастады.Әп сәтте бір адамды құрап бітті.Қарап тұра беруге ұялып,өзімде бір сүйектерді алып құрай бастадым.Әлгі кісіге қарап отырып,бір адамды құрап біттім.
- Әп бәрекелді,кәне осылай жалғастыра бер балам,сәтін салса,ертең ана баланы тұрғызасың деді.
Қорқып тұрғанда,жылы сөз жаныңа дем береді ғой.Жылдамдатып барлық сүйектерден адам құрастырып тастадым.Алғашқысында ұстазға қарасам,кейін қарамаяқ,әр мүшені өз орнына қоя бердім.Мен соңғы сүйекті орнына қойғанда таңда атты,әлгі кісіде буалдыр тартып,бұлтпен араласып кетті.
Бойыма ерекше бір шабыт,қасиет еніп, таңға адам денесіне деген қызығушылықпен оянып,бірден ауруханаға бардым.
Соңғы шофты салып,сыртқа шықсам күн батуға аз ақ қалыпты.Қара терге түскен түрімнен жиіркенбей,самайыма аққан теріммен қоса шөпілдете сүйген штаб бастығы ерекше разы болды.
Әлгі жауынгер 49 күн дегенде есін жиып,көзін ашты.
Атақты дәрігерлер рентген суретін көріп,ағзаның соншалықты орнына дәл түскеніне таң қалып жатты.
Ал мен әскери борышымды екі жыл ерте аяқтап,штаб бастығының сыйға тартқан көлігімен елге оралдым.Кейін бір жылдан кейін әлгі жауынгермен тұрып түскен суретін жіберіпті.Әп әдемі жігіт екен.
Ауылға келген соң,өзімнің төрт жолдасымның сүйектерін өздеріне салуға ойым кетті.Төрт елдің ортасында бір жылға жуық жүріп,әрқайсысын өзіне салдым.Олардың ата аналарының,жергілікті жерден,наркоздан,военторгтан руқсат алу машақаты бөлек.
Содан кейін осылай сынық салып,құраушы болдым.
Қалай қолға алып,ден қойдым солай түсімде түрткенін қойды.
Міне менің бұл жолды таңдаудағы себебім деп сөзін аяқтаған молда қол жууға тұрды.Біз әңгімеге аузымыз ашылып отырғанда, Әйелі асты әкеліп,дастарханды жайып қойыпты.

Гүлмира Затайқызы

22 шілде 2021 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031