» » Аралдық емші Ербосын елімізде карантинннің қашан аяқталатынын айтты

Аралдық емші Ербосын елімізде карантинннің қашан аяқталатынын айтты


Емшілігімен танымал болған аралдық «үкілі бала» Ерболсын Серікбаев қазір Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. Медицина мамандығына түсіп, қабілетін шыңдап жүрген ол әлемді алаңдатқан індетке қатысты ойын білдірді деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz.

Әлеуметтік желіге үндеу салған емші инфекцияға сенуге, сабырлықпен үйде отыруға шақырады.
«Менен «Коронавирус туралы ойың қандай?» деп сұрайтындар көп. Шынымды айтсам, бұл туралы мүлде айтқым келмеген. Бірақ жан-жағымнан жеп болды. Группаларда «емшілер, бақсылар қайда кетті, осылар коронавирус туралы неге айтпайды» деп жазып жатыр. Мемлекетке қарсы шыққан адам ешқашан да оңбайды. Бір білетінім сол. Әлемдік саясат қазір осы ауру арқылы өз ойларын алға жүргізіп жатыр. Оны барлықтарыңыз білесіздер. Бірақ коронавирус ауруы бар. Оны да білесіздер. Коронавирус ауруымен ауыратын адамдар да бар. Оны да білесіздер. Бірақ осы ауруды пайдаланып, өздерінің жұмыстарын үлгеріп істеп жатқан адамдар да бар. Сондықтан, ешқандай да уайымдамаңыздар. 1960 жылы бұл аурудың атауы шықты. 2003 жылы ауыратын адамдар саны байқалды. Тек биыл шыққан ауру емес. Жай ғана тұмаудан жылына 4 миллионнан астам адам көз жұмады. Сондықтан бұл қатты қорқынышты зат емес. Тұмауға ұқсас өкпе бітеліп, адам тұншығады», – дейді ол.
Сонымен қатар емші Қазақстанда карантин уақытының қашан бітетінін болжады. Ерболсын Серікбаев елді Ораза айында Алладан амандық сұрауға шақырған.
«Қазақстанда карантин мамыр айының ортасы мен аяғында бітуі мүмкін. Коронавирустан елімізде қорқыныш күтіп тұрған ешнәрсе жоқ. Барлықтарыңызды сабырға шақырамын, барлығы жақсы болады. Үкіметтің айтқанына көніп, үйден шықпай, адам көп жиналатын жерге бармай, үйде сабырмен күтейік. Осы ораза айында бәрі жақсы болсын деп Алладан сұрайық. Әрине бәрі де жақсы болады. Тек сабырлық пен күш керек», – дейді емші.
26 сәуір 2020 ж. 1 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031