» » Бұрымды қыздың елесі (әңгіме)

Бұрымды қыздың елесі (әңгіме)

Түн ауа Қазалыға сапарлаттық. Жол тайғақ болған соң қолға іліккен билетке тапсырыс беріп, небәрі бес минут аялдайтын жүрдек пойызға асыға міндік. Іші үңгірген тыныштық. Жұрттың бәрі қалың ұйқыда жатса керек. Орныма отырайын десем, әлдекім жайғасып қойыпты. Әрі-бері түртіп, ақыры ояттық.
Орта жастағы келіншек екен. Аққұба келген өңі күлкісімен дидарласқандай. Көзін тырмалай ашты да бізге сұраулы көзбен қарады. «Жоғарысына шыға алмаймын, сендер жассыңдар ғой» деді ол нәзік үнмен. Келіскен сыңай танытып серігімнің қасына жайғастым. Әлгі келіншекке қарама-қарсы отырмыз. Өзі де ыңғайсызданды да әрі-бері орынды босататынын жеткізіп әлек. Кішкентайымыздан үлкеннен аттап өте алмаған біз қалайша тұрғызып жіберейік? Әне-міне дегенше қараңғы «қапас» нұрлана түскендей. Жолсеріктің билетімізді көріп, төсек жабдығымызды тапсырғанынан соң әңгіме одан әрі жалғасты. Фируза – мектептегі ұлағатты ұстаз. Арал өңірінің тумасы. Отбасымен сол жаққа қарай бағыт алыпты. Біздің тілші екенімізді ести сала қызығушылығы одан әрі арта түсті. «Мен де әдебиетке, шығармашылыққа жақынмын» деді ол сөз арасында күлімдей. Сондай арқа-жарқа әңгімеден уақыт зырғып, бір сағатты артқа тастаппыз.
– Қандай мақалалар жазып тұрасыз? – деді ол сұраулы жүзбен.
– Өзіме жақыны, журналистік зерттеулер, қаз-қалпындағы, тылсым жайындағы әңгімелер жазу, – деп едім:
– Тылсым? – деді ол таңырқай қарап.
– Оның бары рас қой, иә? Сенесіз бе? – деді тағы да.
Ентелей жатқан ол әңгіменің қызығына еніп, еңсесін көтерді. Алдында тұрған құтыдан бір-екі рет су ұрттады да тағы маған сұраулы жүзбен қарады.
– Тылсым бар. Бірақ әркімнің сенуі, сенбеуі өз еркі ғой. Кейбір сөздер қажытады, әсілінде. Сол үшін көрген тылсым оқиғаларды ашып айта бермеймін, – дедім жанарымды төмен түсіре.
– Мен сенемін. Сенемін... Бала күнімде...
– Туып өскен шаңырағымызда елес дегенің мүлдем жоқ-тын. Осыдан бірнеше жыл бұрын біз тұратын ауылдағы үйлер астында зират барын естіген ақсақалдар жиналып, Құран оқытты. Содан бері үйімізде бір қыздың елесі пайда болды. Бастапқыда байқамадық, баламыз ғой. Бір күні үйге анамның апа-сіңлілері қонақтап келді. Дастарқан үстінде отырсақ, арғы бөлмеге таңырқай аузын ашып қарап қалған. «Кім, кім?» дей береді анама. Ал ол болса үнсіз, «ешкім емес, жай көрінген ғой» дейді ауық-ауық. Бізді қорқады деді ме, тыс жарып айтпады. Тағы бір күні үнді фильмін көріп жатырмыз. Бөлме жарықтарын өшіріп қойғанбыз. Кенет түпкі бөлмеден бірдеңе қозғалғандай болды. Жапа-тармағай қарасақ, аққұба келген, шашы ұзын, оны тас қылып өріп қойыпты, әдемі сары көйлек киген қыз келесі бөлмеге өтіп кетті...
Жалғасы алдағы газет санында
Айнұр ӘЛИ
01 наурыз 2021 ж. 2 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031