» » "3-4 әйел алуға болады": Дәурен Айдарқұлов махаббаттың не екенін алғаш рет сезінген

"3-4 әйел алуға болады": Дәурен Айдарқұлов махаббаттың не екенін алғаш рет сезінген

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов екінші рет отбасын құрғанына еш өкінбейтінін жеткізді. Айтуынша, жас келіншегі Ақбота Сейітмағанбетпен махаббаттың не екенін алғаш рет сезінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасының «Если честно» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«2010 жылдан бастап намаз оқи бастадым. 2011 жылы қажылыққа бардым. 2012 жылы атамды алып бардым, екі рет бардым. Әртүрлі ақпарат алып, 4 әйел алуға болатынын түсінесің. Мұны білесің. Біріншісі бәйбіше, екіншісі тоқал деп емес, екеуіне бірдей қарау керек деген нәрселерді. Олардың екеуінің де мәртебесі бір болып, бірдей уақыт бөлінуі қажет.
Тағы да үйленгенді жақсы көретін жандар мұндайды ескере бермейді. 3-4 әйел алуға болады дегенді білсе болды. Қазір бар болғаны әйелім Ақботаны жақсы көремін деп айтқым келеді. Мен махаббаттың не екенін түсіндім десем де болады. Мұндай сезім менде болған емес. Арамызда махаббат болмады деп бірінші әйелімді де ренжіткім келмейді», - деді Дәурен Айдарқұлов. 
Сондай-ақ, ол бүгінде айналасындағы азаматтардың екінші әйел алуды жоспарлап жүргенін айтты. Осы орайда, ол екінші жар алуға кеңес бермейтінін бөлісті. 
«Қазір мен кейбір бауырларым ойланып жүр. Мен оларға екінші әйел алуға кеңес бермеймін. Әрине, бұл олардың ісі. Қазір өкінбеймін, керісінше қуанамын. Ақботамен бірге екеніме қуаныштымын. Бұл үшін маған екінші рет отбасын құруға тура келгені рас», - деді актер. 
Бұдан өзге өзі намаз оқыса да, екі әйелін де дін жолына түсуге, хиджаб киюге мәжбүрлемегенін айтты. 
03 желтоқсан 2019 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930