» » Күнге шықса қиналады: "Аппақ" қыздар дүниеге келді

Күнге шықса қиналады: "Аппақ" қыздар дүниеге келді

Айман Сарқытова – үш баланың анасы, олардың екеуі – альбиностар. Әйел өзінің ерекше екі қызының күнделікті сыртта жүргенде қандай қиындыққа тап болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
38 жастағы Айман Сарқытованың алғашқы жүктілігі ерекше өткен. Өйткені ол альбинос қызды дүниеге әкелді. Оның айтуынша, қарапайым қазақ отбасы үшін мұндай жаратылыс таңсық болған.
«Мен мұның қайдан шығатынын, неге бұлай болып жатқанын түсінбедім. Ал екіншісі дүниеге келген кезде альбиностар дегеніміздің кім екенін білдік. Мұндай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келгенде көптеген сауал туындайды», - деді Айман Сарқытова.
Әйелдердің айтуынша, дәрігерлердің өзі таңғалған. Оның үстіне бүгінде 14 жасқа толып отырған Әсел жеті айында туып, біраз уақыт инкубаторда жатқан.
«Бала неге альбинос болып туды деп ұзақ ойландық. Алайда анам мен енем тұқымымызда мұндай балалардың болғанын айтты. Сол себепті біз бұл факторлар отбасымызға әсер етіп отыр деп ойладық. Олардың арасында бір ұл бар. Ол - шашы мен көзі қара қазақ», - дейді Айман Сарқытова.
Айманның тұңғышы Әсел жалпы білім беретін №10 мектепте білім алады. Бұған дейін арнайы мектеп пен балабақшаға барған. Себебі, альбинос балалардың көзі көрмейді.
«Альбиностарға күн жақпайды, сол үшін сыртқа тек қолшатырмен шығамыз. Көзілдірік кигеннің өзінде көлеңкеде жүруге мәжбүр. Күнге қыздырынуларына болмайды. Үлкенім ненің дұрыс-бұрыс екенін өзі біледі. Ал кішісіне әзірге қамқор болып жатырмыз. Барлық альбиностың көруі нашар. Біз әрі қарай не істеу керегін түсіну үшін Астраханьға бардық. Алайда ол жақта бар болғаны күтім жасауымыз керегін айтты. Кешкі уақытта, ғимараттың ішінде жақсы көреді. Ал күнге шықса қиналады», - дейді әйел.

Айманның кіші қызы – Кәмилла бір жарым жаста. Оның альбинос болып тууы отбасы үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі, бір отбасында бір ғана альбинос дүниеге келеді деген статистика бар.

18 тамыз 2019 ж. 1 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930