» » Желіде анасымен бірге ән шырқап танымал болған бойжеткен неліктен шашын алып тастағанын түсіндірді

Желіде анасымен бірге ән шырқап танымал болған бойжеткен неліктен шашын алып тастағанын түсіндірді

Анасымен бірге ән шырқап көптің көңілінен шыққан Гүлмира Ізбасқанова бүгінде желіде танымалдыққа ие. Алайда оның өнеріне тәнті болғандармен қатар, хейтерлері де жоқ емес. Олардың дені жас әншінің шаш үлгісі сынап, «ұл сияқты» деп жиі сөгеді.
Алайда Гүлмираның мұндай образды таңдауының себебі де жоқ емес. Оны жас әнші өз аузымен айтып берді, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гүлмира Ізбасқанова анасымен бірге ән айтып, әлеуметтік желіні шулатқан еді. Олардың өнеріне тәнті болған тыңдармандар бірімен-бірі бөлісіп, жеке парақшаларына салып, қызу талқылап жатыр. Екеуінің де даусы альт, яғни әйел адамның төменгі даусы болғандықтан, қызы бірге ән айтуға ұсыныс білдіргенде, анасы да бірден келісе кеткен.
Шымкент қаласының тумасы Гүлмира – үйдің кенжесі. Бала кезінен өнерге жақын қыз 6 жасынан бастап түрлі байқауларға қатысты. Бертінде «Қазақстан даусы» мен Қытайда өткен «Талант шоу» байқауларының ақтық кезеңіне дейін жеткен. Бүгінде оқу орнында вокалдан сабақ беріп жүр.
Шоу-бизнестегі түрлі қиындықты өткеріп жүрген Гүлмираны шаш үлгісі үшін сынайтындар аз емес. Тіпті, оны ұлға ұқсатып, желіде «қыз не ұл екенін түсіне алмадым» дейтіндер де баршылық. Өз кезегінде Гүлмира Ізбасқанова өзіне осы тәрізді сын айтушыларға жауап берді. Айтуынша, өзінің шаш үлгісін пиар үшін.
«Өзіме жазылатын пікірлерді оқимын. Алайда мән бермеуге тырысамын. Десе де қатты жүрегіме тиетін сөз жазғандарға: «Рақмет сізге, Алла разы болсын! Сіздің жолыңыз ашық болсыншы», – деп жауап беріп, «лайк» басып кетемін. Себебі анам үнемі «таспен ұрғанды аспен ұру» керектігін айтып отырады.
Қараша айында белгілі бір себептермен шашымды алған болатынмын. Шашым болмағаннан кейін, бастапқыда кепканы оң қаратып киіп жүрдім. Алайда жараспайтын сияқты көрінгеннен кейін кепканы теріс қаратып киіп едім, өзіме ұнады. Және мен спортқа жақынмын. Мектепте, университетте оқыған кезімде футбол, волейбол, үстел теннисінен түрлі жарысқа қатысып, орын алып келетінмін», – дейді жас әнші.
Ал жас әншінің ата-анасы да өнерден алшақ емес көрінеді. Сондықтан қызының өнердің тізгінін ұстағанына еш қарсы болмаған. Тіпті, «Болшы сен жанымда» атты алғашқы әрі әзірге жалғыз бейнебаянын түсіру үшін қарыжылай қолдау көрсеткен екен.
Сондай-ақ, бағдарлама барысында Гүлмира өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Бұйырса, жаңа әндер жаздырып, өзімнің жеке ән кешімді бергім келеді. Осындай мақсатым бар», – дейді ол.
23 тамыз 2018 ж. 1 588 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031