» » МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП АЙНАСЫ

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП АЙНАСЫ

Мұғалім – адамзат баласының тәрбиешісі әрі болашағына жол көрсетуші жарық сәуле. Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, қараңғы қазақ көгіне күн болып шыққан асқақ тұлға. Былай күнде де алты Алаштың басы қосылған жерде төр – мұғалімге беріледі. Бұл – жай ғана айтылған сөз емес. Ұстазға деген құрмет пен қошемет. Жалпы, ұстаз қауымына артылар жүк жеңіл болмаған. Мәртебелі мамандық иелерінің мемлекет болашағын айқындаушы – ұрпақ тәрбиесі мен біліміне қосар үлесі зор. Сондай ұлағат иесінің бірі – Лаура Садықова. Ол бүгінде Ақай ауылындағы №99 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді.

Л.Сайлаубайқызы білім саласында жиырма жеті жылдан бері табысты еңбек етуде. Жоғары санатты педагог Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлт­тық университетінің 1994 жылғы түлегі. Айтулы мектепте 2000 жыл­дан бастап шәкірттерді білім нәрімен сусындатуда. Білікті маман осы уақыт аралығында бірнеше мәрте мектепішілік, аудандық, об­лыстық семинар-практикумдарға қа­тысып, өз тәжірибесімен бөлісуде. Сондай-ақ, ол «Мектепішілік сапа менеджменті әдіснамасы», «Білім бе­ру­дегі жаңа инновациялық әдіс­тер: дағдылар, технологиялар», Қ.Бі­тібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада шеңберінде өткізілген «Ой тастау, ойланту» технологиясы» та­қырыбындағы коучинг-семинар, «Оқушылардың критериалды бағалауын ұйымдастырудың жалпы тәсілдері», «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектепішілік курс, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытындағы қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп, оқу курстарынан өткен.
Шығармашыл ұстаздың салада ауыз толтырып айтарлық жетістігі көп-ақ. Мысалы, М.Әуезовтің 115 жылдығына арналған «Ғасырдың ұлы тұлғасы», «Әуезов драмалары» сыныптан тыс жұмысы, «Поэзия падишасы» атты оқырмандар конференциясы, «Ғасырлар қойнауынан жеткен жырлар» білім сайысы, «Осы жұрт ұлы Абайды біле ме екен?» сайыс сабағы, «Кең байтақ елім менің» жас ақындар мүшайрасы, «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» ашық сабағы, аудандық семинарда өтілген «Ғылыми жобаны қалай жазуға болады?» ғылыми-әдістемелік жұ­мысы, «Уақыт – алтын қазына. Антонимдер» тақырыбындағы ашық сабағы, «Атадан бата алған азбайды» тақырыбындағы сыныптан тыс жұмысы ұжымда жоғары бағаланды.
Ұстаз – жан-жақты тұлға. Ол тың ізденіспен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында мақала жазып, өз пікірімен бөлісіп отырады. Олардың арасынан Байқоңыр қалалық «Бәйтерек-Байқоңыр» га­зетіне «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн», «Жаңаша оқыту – бүгінгі заман талабы», «Жаңа бағдарлама – жаңа көзқарас» та­қырыбындағы еңбектерін атасақ, «Білім беру маз­мұнын жаңартудағы оқытудың жаңа стратегиялары мен бағалаудың жаңа жүйесі» атты ғылыми жұ­мы­сы республикалық ғылыми-прак­ти­калық конферен­цияның жинақ кітабына енді. «Мұғалімдердің тілдік құзіреттілігін дамыту және кәсіби өсуі «өмір бойы білім алу» парадигмасын жүзеге асыру факторы», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», «Мәңгілік елдің ұрпақ тәрбиесі – зор жауапкершілік» атты ізденістері жас педагогтарға серпіліс берген баяндамалар.
«Ұстазы жақсының – ұста­ны­мы жақсы», демекші Л.Сайлау­бай­қызының көптеген шәкірті талай білім додасында топ жарып жүр. Ау­дандық «Абай оқуларының» мә­нерлеп оқу бөлімінде 10-сынып оқу­шысы Ғ.Нұрылла алғыс хат, қазақ әдебиетінен қашықтық олимпиадада 10-сынып оқушысы Ж.Мұсабек ІІІ орын, облыстық «Біз есірткісіз өмірді қолдаймыз» шығармалар байқауында 11-сынып оқушысы Ж.Мұ­сабек «Ең үздік шығарма» дипломын иеленсе, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған республикалық шығармалар бай­қау­ын­да 9-сынып оқушылары А.Жұ­мабекова мен А.Қазби жеңімпаз атан­ды. Сонымен бірге, аудандық «Қазақ батырлар жыры» бойынша білім сайысында 9-сынып оқушысы А.Молдабекова ІІ орын, «Махамбет оқулары» байқауында 9-сынып оқушысы Ж.Рахымбекова ІІІ орын, республикалық «Болашаққа қадам» жас көшбасшылар съезінде 9-сынып оқушысы А.Жұ­ма­бекова дебат байқауында І орын, мәнерлеп оқудан ІІ орын, «Ақберен» республикалық байқау­дың аудандық кезеңінде 10-сынып оқушысы А.Молдабекова «Шешендік, білгірлік сайысы» бойынша ІІІ орын, облыстық «Ұлы Дала елі» шығармалар байқауында 10-сынып оқушысы А.Жұмабекова ІІІ орыннан көрінді. Білікті маман шәкірттерінің білім бәсінде де беделі төмен емес. М.Әскербекова аудандық пәндік олимпиадада ІІІ орын иеленсе, А.Жұмабекова қазақ тілі мен әдебиетінен «Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың» аудан­дық, облыстық кезеңінен екі жыл қатарынан үздік шығып, республикадан ІІІ орынды еңсерді. Ж.Рахымбекова «Жазу­шылар» байқауында жүлдегер қа­тарынан танылса, үстіміздегі жы­­­лы «Қ.Бітібаева атындағы олим­пиа­да­ның» республикалық кезеңінде 11-сынып оқушысы А.Жұмабекова ІІІ орын алып, ЖОО түсу грантын жеңіп алды.
«Ізденген жетер – мұратқа» дейміз осындайда. Лаураның ширек ғасырдан аса уақыт ұстаздық еңбегі елеусіз емес. Ол 2014-2015 оқу жылында ҰБТ қорытындысымен аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, 2016 жылы мұғалімдер күнінде облыс әкімінің қабылдауында болды. 2016-2017 оқу жылының мектепішілік қорытындысымен «Жыл мұғалімі – 2017» аталымын жеңіп алса, 2017-2018 оқу жылында Ғ.Мұратбаевтың 115 жылдығы және Қазалы қаласының 150 жылдығы мерейтойлық медалімен, облыстық «Критериалды бағалау – білім сапасын дамыту құралы» тақырыбындағы семинарға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен, «Білім беру мазмұнын жаңартуды іске асыру жағдайындағы жаңа тәсілдер» тақырыбындағы об­­лыс­­тық семинарда «Тілдік пән­дерде оқылым және жазылым дағ­дыларын қалыптастырудың бел­сенді тәсілдері» атты ашық сабағы тәжірибе ретінде таратылып, арнайы сертификатқа ие болды. Майталман маман ағымдағы оқу жылы ҚР «Білім және ғылым министрінің» алғыс хатымен мадақталды.
«Біз мақалада сөзден гөрі фак­тіге көп жүгіндік. Бұл – ұстаздың ұз­ақ жылғы талмас тәжірибесі мен елеулі еңбегінің дәлелі болса керек. Ол әркез шабыттанып жүреді», – дейді әріптестері. «Мамандығымды жүрегіммен қаладым. Баламен жұмыс жасау – маған шабыт береді», – дейді ұлағат иесі.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
30 қараша 2018 ж. 20 291 1 174
Пікір қалдыру

Пікір 1 174

canada drug pharmacy от 19 қазан 2022 04:31

mexican pharmacy drugs от 22 қазан 2022 16:10

MichaelBoaxy от 25 қазан 2022 05:14
вяжем розу крючком видео. Получить кредит webmoney online. наташа королева на синем море картинки

mail order prescription drugs от 25 қазан 2022 18:03

MartinHog от 27 қазан 2022 07:25

Barrettciz от 28 қазан 2022 05:39
arthron meridian отзывы https://homeboxx.ru/post/2

pastilla viagra от 28 қазан 2022 12:48

viagra.com от 28 қазан 2022 14:59

viagra us от 28 қазан 2022 18:41

DavidWaymn от 29 қазан 2022 11:40
warehouse pallets https://blogmee.ru html websites for photographers

cost for viagra от 30 қазан 2022 03:37

sildenafil 20 mg costco price от 30 қазан 2022 09:25

sildenafil 20 mg tablet reviews от 30 қазан 2022 10:47

viagra benefits от 30 қазан 2022 15:12

IsidroArram от 1 қараша 2022 07:27
любовь в стиле 9002-х https://alexanow.ru видео кодаки для андройд

HowardAmano от 3 қараша 2022 02:50
gisx benefits https://bloghut.ru godaddy backup

JosephVoini от 4 қараша 2022 00:37
health information technician salary sba.loans oracle performance tool

JosephVoini от 5 қараша 2022 04:11
credit point seth cohen md chemistry in life

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 257

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930