» » Аулалық клубта армандар орындалады

Аулалық клубта армандар орындалады

Көңілді жаздың бітпейтіндей көрінетін қызықты демалысы аяқталуға жақын. Осыбір қайталанбас мезгілде білім саласы қызметкерлері жатпай-тұрмай оқушылардың жазғы демалысын сапалы да тиімді өткізуіне атсалысады.
Аудандық оқушылар үйінің осы мақсатта құрылған «Жас толқын" аулалық клубы айтулы мерзімде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының жақсы өтуіне жағдай жасап,
сала­­м­ат­ты өмір салты дағдысын қалыптастыруда бірқатар жұмыс істеді. Бүгінде оқушылар үйінде 13 үйірме, 14 аулалық клуб өз деңгейінде көптеген шара өткізіп, үйірме мүшелерін әртүрлі бағытта баулуда. Маусымда балаларды қызықтырған «Шахмат», «Робототехника», «Жас домбырашылар», «Шебер қолдар», «Дебат», «Халық әні», «Шаттық», «Балдәурен», «Жас оқырман», «Тоғызқұмалақ», «Көңілді балақайлар», «Биоәлем», «Жас қаламгер» үйірмесінің үйретері мол болса, кешке "Ардагерлер аллеясы", Жыраулар үйі, №26, №250, №105, №30, №111 білім ошағы аймағында «Жігер», «Шұғыла», «Жас қанат», «Достық», «Алау», «Қайрат», «Жалын», «Балауса», «Жас өркен», «Жазғы TIMES» аулалық клубы сан алуан айшығымен бала жанын бау­рады. Атап айтқанда «Бақытты балалық шақ», «Мемлекеттік Рәміздер – елімнің мақтанышы», «Табиғат ғажайыптары», «Алты Алашқа тәж қала – Нұр-Сұлтан» тақырыбындағы байқаулар жас шәкірттерді Отансүйгіштікке қалыптастырса, «Ата салтым – асыл мұрам ардағым», «Көңілді мәре», «Ғасыр індетінен сақтанайық!», «Кім тез, кім жылдам?», «Теңбіл доп» тақырыбындағы спорттық сайыстар оқушылардың дене шынығуына, саламатты өмір салтын дағ­дыландыруға септігін тигізді. Сол сияқты демалушылардың логикалық ойлауын дамытуға, математикалық есептеуге қа­нат­тандыратын дойбы, тоғызқұмалақ ойы­нының ұлттық құндылықты құрметтеуге ықпал еткені анық. «Ойлы болсаң, озып көр!», «Ғасыр індетінен сақтанайық!», сондай-ақ шығармашылық қабілетті шың­дауда «Барлық әлем мен үшін!» атты концерттік бағдарлама, «Ескерткіштерге тағзым», «Ұрпағымын ұлтымның» атты эссе байқауы, «Ұлттың саз байрағы – Домбыра» тақырыбындағы «Домбыра party» сайысы жас ұрпақтың жадында қалар игі шаралар болды.
Қорыта келе айтарымыз аталған аулалық клубтың жетекшілері мен оқушылардың белсенділігі арқасында жылдың ең көңілді мерзімі діттеген мақсатына жетті. «Жас­тар жылы» аясында жас буын өкілінің қалыптасуы мен дамуына оң әсерін тигізген ізгі шара мұнымен бітпек емес. Біздің үйірме мүшелері жайдары жаздан алған ғажап әсермен, жоғары көңіл-күймен озық ойлы әрі білімді оқушының бірі ретінде жаңа оқу жылына аяқ баспақ.
Мөлдір АТАБАЙҚЫЗЫ
19 тамыз 2019 ж. 1 071 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 63
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031