» » Жоба сыйлаған«тәттілер»

Жоба сыйлаған«тәттілер»

Тың идеясы бар жас­тар талап қылып, батыл қадам жасауда. Өңірдегі кәсіпкердің де дені – жастар. Әлеуметтік желіде жобасы қолдау тапқандардың парақшасы бүгінде белсенді. Талай жастың идеясын жүзеге асырған «Zhas project» жобасы сыйлаған «тәттілер» де кәсібінен береке тауып отыр. Солардың бірі – торт әзірлеуші Айжанар Серікқызы.
Ол тәттінің түр-түрін тапсы­рыспен жасайды. Мерекелік дастар­қанның сәнін ашары Инс­таграм пара­қшасындағы есеп-суреттерінен анық байқалады. Арасында шеберлік сыныбын ұйымдас­тыратын ол жобаға қатыс­қанына еш өкінбейтінін жеткізді.
– «Zhas Project» жобасын естіген бойда бірлесіп жұмыс істеуге кірістік. Ауданның өзінде түрлі-түрлі креативті идеялар ұсынылды. Солардың ішінен топ жарып, грант иегері атанғанымызға қуанамыз. Себебі біздің жоба – мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім, тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарға арналды. Мақсатымыз – аз да болса олардың жүзіне күлкі үйіру, тәттілер жасауды үйрету. Жоба аяқталса да бастапқы қарқынымыз тоқтаған емес, – дейді ол.
Жас кәсіпкер жобасына «Тәп-тәтті» аспаздық орталығы деген атау берген. Мұнда әлеуметтік осал топтағы жандарға тәттілер әзірлеуді үйретеді. Қолына сертификат ұстатады. «Нан бар жерде – ән бар» демекші, үйренбекке жиналатын жандардың да басы осында қосылып тұрады.
Мақсаты айқын жас маман «Сүтті қыз», «Вупи пай», «Қызыл барқыт», «Капкейк», «Миндаль», «Малина», «Сникерс», «Рафаелло», «Орео» секілді тәттілерді әзірлейді. Бағасы да торт сапасына сай қойылған. Иә, ауызға салса еритін торт Айжанардың қолынан күнде туындайтын дүние. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған жас кәсіпкер бизнесін алдағы уақытта кеңейтуді көздейді. Енді ғана кәсібін бастаған жастың кәсібінен нәсібін көріп, жобасын одан әрі дамытатынына сенім мол.
Айнұр ӘЛИ
19 тамыз 2019 ж. 1 230 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 488
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31