» «ZHAS PROJECT» СЫЙЛАҒАН «ТӘТТІЛЕР»

«ZHAS PROJECT» СЫЙЛАҒАН «ТӘТТІЛЕР»

Жастар корпусын дамытуға арналған әлеуметтік бағдарлама «Zhas Project» жайында бұған дейін де біршама әңгіме қаузадық. Бүгінгі әңгіменің әлқиссасы да осы жоба болмақ. Себебі, өңірдегі грант жеңімпаздары қорғаған жобасы бойынша өз кәсібін дөңгелетуде. Сақадай-сай идеясымен жобаға білек сыбана кіріскен жас кәсіпкерлердің жұмысын көрмекке барған едік. Нәтиже көңіл қуантады.


Солардың бірі –  «Тәп-тәтті» ас­паздық орталығы. Мұнда әлеуметтік осал топтағы жандарға тәттілер әзірлеуді үйретеді. Қолына сертификат ұстатады. «Нан бар жерде – ән бар» демекші үйренбекке жиналған жандардың көзінен үміт ұшқыны бай­қа­­лады. Оларға мұндай қуа­ныш сыйлаушылардың бірі – Жұлдызай Маханова. Ол Әйгерім Ермек, Талғат Жүргеновтермен бірігіп, топтық жұмысқа жұмыла кіріседі. Жоба нәтижесінде грант ұтып, тәттілер орталығын ашуды жоспарға алады.
– «Zhas Project» жобасын естіген бойда бірлесіп жұмыс істеуге кірістік. Ауданның өзінде түрлі-түрлі креативті идея­лар ұсынылды. Солардың ішінен топ жарып, грант иегері атанғанымызға қуанамыз. Себе­бі, біздің жоба – мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім, тұрмысы төмен отбасынан шыққан жастарға арналған. Мақсатымыз – аз да болса олардың жүзіне күлкі үйіру, тәттілер жасауды үйрету, – дейді торт әзірлеуші Айжанар Серікқызы.
Мақсаты айқын жас маман жи­налған жандарға «Вупи пай», «Қызыл барқыт», «Капкейк» тәттілерінің қа­лай әзірленетінін үйретіп, ғалам­торда айтылмайтын сырымен бөлісті. Бір-бірімен шүйіркелескен қыз-келіншектер іс-шараға әжептәуір сән кіргізді.
«Zhas Project» сыйлаған екінші «тәтті» – сүт өнімдері. Бұл жобаны Данияр Шаянбеков қолға алып, Рүстем Баярыстанов, Руслан Райымов, Гүлдей Елубаевамен бірлесе жұмысқа кіріседі. Нәтижесінде әлеуметтік осал топтағы жандарға  айран, қатық, сүт өнімін белгіленген уақытында тегін таратады.
– Жобамыз ауыл жастарына, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. Мұны дайындамас бұрын біршама уақыт ойландым. «Бізде қандай кәсіп жоқ» деген сауалға жауап іздедім. Ойлана келе сүт өнімімен айналысуға бел байладым. Өңірдің өзінде жастар түрлі-түрлі креативті идея ұсынды. Оның ішінен топ жарып, грантқа ие болғанда бөркімізді аспанға аттық. Себебі, жобамыздың, қамқорлығы жоқ, жағдайы төмен балаға үлкен көмегін тигізеріне сенім мол еді, – дейді жоба жетекшісі Данияр Шаянбеков.
Еске сала кетейік, «Zhas Project» әлеуметтік жобасы жастарға қаржылай демеушілік көрсетіп, жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант негізінде қаржы береді. Халықаралық қайта құру және даму банкі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлесуімен жүзеге асқан жоба өткен жылы басталып, еліміздің төрт облысынан 2000-ға жуық жасты қамтыған. Ал, биыл «Zhas Project» жобасы Сыр елінде алғаш рет іске асып, жеңімпаздар анықталған болатын. Облыс бойынша жобаға қатысуға 670-тен астам жас тәуекел еткен. Жуырда олар іріктеу сынынан өтіп, бір миллион ұтып алған жастардың саны да белгілі болып, оның ішінде аудан бойынша бірнеше жобаға қаржы аударылды.
Қай кезде де жастар жалынды жігерімен, айрықша белсенділігімен қоғамның қозғаушы күші болған. «Жасында тырысқан – қартайғанда қуанады» демекші, енді ғана кәсібін бастаған жастың, нәсібін көріп, жобаларын одан әрі дамытуға сенім мол.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
---
21 желтоқсан 2018 ж. 1 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031