» » СУШЫЛАРДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК

СУШЫЛАРДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК

Су –  бүкіл тіршіліктің көзі. Бұл адамзат баласы үшін қымбат қазына. "Судың да сұрауы бар" деп судың қадірін ерекше бағалайды. Осы орайда аудандық «Қармақшысушар» мекемесінде болып, жұмыс барысымен танысып қайтқан болатынбыз.
Ғасырға жуық тарихы бар мекеме 1930 жылы суды реттеп,жарманы қаздыратын, пайдаланатын су шаруашылығы мекемесі болып құрылады. Су шаруашылығы мекемесі сол жылдары «Утреняя Заря», «Жаңа бақыт», «Оян», МТС қазіргі Ақжар ауылы, Алдашбай ахун, Бозарқаш, Ақтөбе, Тұрмағамбет, Жаңажол, ІІІ Интернационал, ауылдарын сумен қамтамасыз етіп отырған. Мекеме қызметкерлерінің ұсынысымен Аю, Қурайлы жармаларын қаздыруға бастама көтеріп, шаруашылық басшыларының кө­ме­­гімен осы жармалар қазылған. Осылайша халықтық құрылысқа айналып, диқандардың игілігіне берілген еді. Аталған жарманың сағасын егін толық жиналып болғаннан кейін күзде қара бурамен байлатып, көктемде қайта ашылған. Осы жылдары мекемеде Сәден Көшенов, Қуат Баймаханов, Қабақ Жұбаев, Берман Бисембаевтар еңбек еткен. Сәден Көшенов мекемеде техник қызметін атқарып, су шаруашылығында еткен үздік еңбегі үшін 1949 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.
Аудандық су шаруашылығы жүйелері басқармасы тарихында Ідіріс Тұрмағамбетовтің еңбегін ерекше айтуға болады. Оның жұ­мысына деген адалдығы мен еңбеккерлігі мекеме тарихында мәңгі қалады.
Кезінде кәрістердің ІІІ Интернационал ауылына қоныстанғаны белгілі. Күріш егу, жаңа жерді игеру осы еңбеккер халықтың бастамасымен жүргізілді. Жарма қазу, жерді игеру жұмысының басы-қасында жүріп, жобалау жұмысын жүргізген аудандық су шаруашылығы бөлі­мінің маманы Е.Чагай, І.Тұр­мағамбетов еді.
1969-1970 жылы су шаруа­шылығы жанынан 2 бөлім ашылды: бірі – су пайдалану бөлімі, екіншісі – құрылыс жөндеу. Аталған мекеме күні бүгінге дейін осы екі бөлім негізінде жұмыс істеп келеді.
1992 жылға дейін мекеме бюджеттік нысанда жұмыс істейді. Кейіннен аудандық су шаруашылығы мекемесі болып қайта құрылып, мекеме шаруашылық негізге көшіп, өзін-өзі басқаруға көшеді.  Ал 2000 жылы аталмыш мекеме «Қармақшы су шаруашылығы» коммуналдық мем­­лекеттік кәсіпорын болып, ша­руашылық есепте қызмет атқарды.  2011 жылды ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚ РМК Қызылорда филиалының «Қармақшысушар» өндірістік учас­кесі болып қайта құрылды. 
Мұндағылардың айтуынша, бүгінгі таңда ауданда 22528 гектар инженерлік жүйеге келтірілген 24923 гектар суармалы жер бар. Басқарма есебінде 95,3 шақырым жарма, 19-дан астам гидроқұрылыс, тұрғын үй, мекеме кеңсесі, негізі қор бар.
– Иә, бізде қазір 10 қызметтік тұр­ғын үй бар. Олар елді мекендерден қашықта орналасқан. Онда қоныстанған мекеме қызметкерлері каналдар жүйесі арқылы су жеткізу мәселесіне жауапты. Күніне 5 рет суды реттеу жөнінде бізге ақпар беріп отырады, – дейді мекеме басшысы Ерболат Бодыбаев. 
Қазіргі таңда мекемеде 63 адам қызмет атқарады. Мекеме жоғары Қурайлы, төменгі Қурайлы, Наурызбай бөлімшелері негізінде жұмыс істейді. Иә, мекеме қызметкерлері мезгіл талғамайды.  Мәселен қыс пен көктем айларында Сырдария өзенінде сең жүріп, мол судан елді мекенді қорғау мақсатында арнайы қорғаныс бекеттері орнатылған. Қазірде 70 шақырым жерде қор­ғаныс бөгеті бар. Бұл уақытта мекеме қызметкерлері қауіп төнген аймақтардың әлсіз тұсын анықтап, мониторинг жасап отырады. Ал күз, жаз айларында каналдар жүйесі арқылы елді мекендердің егіс алқабын сумен қамтамасыз етеді.
– Біз 20-ға жуық шаруашылық пен шаруа қожалығымен келісім­шарт негізінде жұмыс істейміз. Бас­ты мақсатымыз – егіс алқабына су жеткізіп беру, – дейді мекеме басшысы.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 шілде 2019 ж. 1 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 293

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930