» » АЙГҮЛДІҢ АСУЫ

АЙГҮЛДІҢ АСУЫ

Кәсіпкерлік саласын таңдап, тер төге еңбек еткен Айгүл Өмірзаққызы бүгінде Қазалы, Арал, Қызылорда, Қармақшы, сонымен қатар Байқоңыр қаласы мен қала маңындағы Төретам кенті мен Ақай елді мекені тұрғындарына сапалы да заманауи үлгіде қызмет көрсетуде.  Кәсіпкер Қазалыдан шағын кәсіп ашып, ғаламтор арқылы тапсырыс қабылдайды. Ол қарамағындағылармен бірге тұтынушы талабы бойынша тапсырысты жылдам орындап, оны жеткізіп беруді өз міндетіне алған.
– Еліміз тәуелсіздік алғалы бері орта және шағын бизнес қарқынды дамуда. Елбасы халық арасында жұмыссыздықты төмендету арқылы кәсіп етемін деген әрбір азаматқа қолдау көрсетуде. Міне, Елбасының туған халқына көрсеткен осындай игі ісінен қолдау тапқанның қатарында мен де бармын, – дейді А.Өтеутілеуова.
Өз кәсібін жете меңгерген ол бүгінде аймақ тұрғындарының тапсырысын абыроймен орындауда. 
Айгүл аймақ басшысының өңірдегі жұмыссыз және көпбалалы, сондай-ақ  аз қаматамасыз етілген отбасыларды қолдауға арналған «Ақниет» бағдарламасы аясында қайтарымсыз несие жеңіп алып, Нартас, Лариса, Әлия есімді жастарды жұмыспен қамтып отыр. Олар ай сайын 100-ден астам тапсырыс қабылдап, тұтынушы талабынан шығуда.
Кәсіп иесі алдағы уақытта жалюз құрастыратын цех ашуды жоспарлап жүр. Иә, бұл әзірге жоспар болғанымен  ол қалайда мақсатына жететініне сенеді.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
17 шілде 2019 ж. 999 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031