» » ӨРЕЛІ ІСТІҢ ӨРКЕНІ

ӨРЕЛІ ІСТІҢ ӨРКЕНІ

Елбасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздықты жою және ел экономикасын арттыру мақсатында көптеген келелі істер атқарылуда. Міне, Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласын дамытуға арнаған бағдарламалары халық арасында кеңінен қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп әкеткен жандар ауданда аз емес. Солардың қатарында Рабиға Балғабаеваның есімі өңір тұрғындарына етенен таныс.


Қармағында алпыстан астам түрлі сала мамандарын тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпкер Жосалы орталығында «Мағжан» сауда-саттық орталығы мен наубайханасы арқылы кент тұрғындары мен аудандағы бірнеше орта білім ордасындағы асханаларды азық-түлікпен және тамақпен қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге, білікті маман өңірімізде өткізіліп жатқан қайырымдылық шараларына да белсене араласып жүрген жылы жүректі жан.
Жуырда кәсіпкер жыл бойғы жұмысын қорытындылау мақсатында жиын өткізді. Шара барысында мекеме басшысы Рабиға Балғабаева жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсаттарға тоқталды. Сондай-ақ, өздерінің еселі еңбегімен өзгелерге үлгі көрсеткен үздіктерге, оның ішінде Ғалия Нұржановаға «Жыл үздігі» лентасын тақса, Балқия Оңғайбаеваға, Ғалия Ахметоваға, Күлшат Тоғайбаеваға, Ақтолқын Әбжәлиеваға, Айгүл Тоқбосынова мен Гүлмира Ермағамбетоваға, тағы басқаларға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
08 қаңтар 2019 ж. 1 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930