» » ҮНДІСТАННАН НЕМІЗ КЕМ немесе ҚАҢҒЫРҒАН МАЛДЫ ҚАМАУҒА БОЛМАС ПА?

ҮНДІСТАННАН НЕМІЗ КЕМ немесе ҚАҢҒЫРҒАН МАЛДЫ ҚАМАУҒА БОЛМАС ПА?

Көктем мен күзде жаппай сенбілік айлығы жүреді. Мақсат – туған өлкені көгертіп, жасылға көмкеру. Қоқыстарды жиып, кентті таза аймаққа айналдыру. Бірақ еңбегімізді еш кетіретін қаңғырған төрт түлік бар. Оның ішінде тәртіпке де, заңға да бағынбайтыны – сиыр.  Сүті мен айранын ішіп, сойса соғым қылатын ірі қарасын егесі қалайша өз еркімен жібереді екен ә?  Жоғалса малымды ұрлап әкетті деп тағы шағым түсіреді.
Бірде ардагер Аман ағаның ашуланып былай дегені бар еді: «Егіп қойған ағашымыздың барлығын тілімен орап жұлып алады. Жапырағын жеп, жеміс ағаштарды бүлдіріп кетеді. Қараусыз сиырды байлап қояйын десек құқығымыз жоқ. Сондықтан осының алдын алса деген ойымыз бар. Тұрғындар малдарына ие болсын немесе бір амалын тапсын».
Бір қызығы ішкі істер бөліміне хабар­ласқанымызда әзірге қараусыз көшеге жіберіп, малы үшін айыппұл төлегендер жоқ екен. Бірақ бір емес бірнеше мал иесіне ескерту берілген. Жыл көлемінде қайталанған болса әкімшілік құқық бұ­зушылық бабымен қасақана іс әре­кетке барғаны үшін 15 айлық есептік көр­сеткіш негізінде айыппұл төлейді.  Қаңғыбас сиырлар қамауға алынады. Сол айыппұлды тезірек төлетпесе, ескертуді ескеріп жатқандар жоқ-ау шамасы. Арнайы рейдтер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізетін кент әкімдігі мен учаскелік полицей енді  осы  шараны қолға алмақ. Мал дегенің ырыққа көнбейді. Кейде жолдың қақ ортасына түсіп, көліктердің қозғалысына кедергі келтіреді. Бұған дейін көше кезген малдардың көлік апатын тудырған жағдайы көп болғаны белгілі. Әлдекімдердің жерге жаңа түскен тезекке тайып жығылып, майып болуы да бек мүмкін. Күннен-күнге ажарланып, көркі көз сүйсінтіп келе жатқан кентке тұрғындар бейжай қарамай, тазалық пен тәртіпке жете мән беріп, сананы өзгертіп, ауыл мәдениетін көтеруге өз үлесін қосса екен. Шашылған қоқыстардың күл-талқанын шығарып, ашып кеткен тамақ пен полиэтилен пакетті талғажау еткен төрт түліктің түрлі ауру жұқтырмасына кім кепіл?
Рас, мал ұстау ата-бабамыздан қалған кәсіп. «Мал-жан аман ба?» деп саулық сұрасқан. Малды тек пайдаланып қана қоймай, олардың бабын тауып, бағудың да жай-жапсырын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген. Дұрыс күтпесе бізге ол сүт те, ет те, жақсы тері де, жүн де бермейді. «Малды бақсаң, мал сені бағады» деген осындайда айтылған.
Жаз басталса жан-жақтан Жосалыға қыдырып келетіндер көп. Инстаграм парақшасына біреу біздің ауылда түскен суретін жүктепті де, аяғымның астында сиырдың жапасы жатқанын айтпай-ақ қояйын депті. Мұнда көшеде адамдар емес, сиырлар серуендейді екен дегені тағы бар. Масқара.           
Қырық жыл қоныстас болған екі көрші ойда жоқта ренжісіп қалады. Бірінің қараусыз қалған сиыры бірінің бау-бақшасына түсіп тас-талқан етсе керек. Жәбірленген көрші ашу шақырады.
 – Ала жаздай бала-шағамның несібесі деп еткен еңбегім еш болды. Қарасаң келгір, сиырыңа ие бол. Әйтпесе бауыздап таста. Етін жеп, сүйегін мүжі, сорпасын іш.
–  Сабыр ет, – дейді сонда айыпты көрші. Сенің жиырма шақты тауығың ауламызға күнде келіп, шашқан жемімізді жеп, қорамызға туып кетсе де үнімізді өшіріп отырмыз ғой. Жұмыртқадан кім тегін айырылғысы келсін, – депті. Ертеңіне ашуланған көрші тауықтарын қамап тастапты. Сол секілді көше кезген сиырларды қорамыздан шығармай ұстап, сүтін сауып ішеміз бе? Қайтеміз?
Үндістан деген елді білесіз ғой. Сол елде сиыр дегенің көше кезіп жүре береді. Біреудің қорасына түседі, ауласын бүлдіреді. Үйін қиратады. Үнділер бірақ сиырдың маңдайынан шертпейді. Себебі де түсінікті. Сиыр ол жақта киелі, қасиетті. «Құдайға» теңестірілген. Ал бізде малдың аты – мал.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
18 маусым 2019 ж. 1 074 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031