» » МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

МАЛ ҰРЛЫҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Үйде «Андрей» деген жалғыз сиыр бар-тын. Өрістен соң шөбін күйсеп көше аралайды. Айдап әкелмесең үйге қонбайды. Әбден шаршаған әжем «қойш соны» деп қолын бір сілтеді. «Барсаң өзің барып, іздеп кел» деп мені жіберді. Баламыз ғой. Велосипед мініп алып өріске беттедім. Жоқ. Анда барам жоқ. Мында барам жоқ. Таппадым... Сол кеткеннен жалғыз сиыр оралмады. Баспаған «тауымыз» да қалмады. Бірақ, балгер апа «тірі» деп қуантып қойды. Ендігі учаскелік полицейден үміт күттік.


Арада бір апта өтті. Хабар-ошар жоқ. Содан не керек, ұрланғанын білдік. Ұр­ланып қоймай соғым болып сатылған ек­ен. Үйдегі 10 сиырдан қалған жалғыз тұқым еді. «Оны да көп көрдің бе?» деп әжем жүр. Содан кейін қорада мүлде мал ұстаған емес. Иә, бүгінгі қаузайтын жай мал ұрлығы хақында болмақ. Жалпы бұл «жауыр» болған тақырып. Қоғамның өзекті пробле­масы аталғалы қаша-а-ан? Бұл дерт неге тыйылмай жүр? 1 сағаттық миссиядан соң ұрлықшы өз ісіне мәз болады. Ал, ұрлатқандардың қанша жыл осы малды бағып, тер төккені бір-ақ сәтте зая кетеді. Айтып-айтпай не керек, бұған басты себепкер – тұрғындардың өзі болады екен. Мәсе­лен, сиырын қараусыз қалдырады. Мал қарайтын бақташыны, яки пада ұйымдастыру қажет. Былтыр ау­дан бойынша 44 мал ұрлығы тіркелген. Оның 17-сі қорадан ұрланса, 27-сі өрістен қолды болыпты. Оның тек 5-еуі ғана ашылған. Жыл басталғалы да мал ұрлығы тіркеліп үлгер­ген.
– Бүгінде мал ұрлығына байланыс­ты жергілікті мемлекеттік органдарға тір­келмеген малдың ісін тоқтату, хабар­ламаға қылмыстық істі қозғауға тыйым салу мәселесі көтерілуде. Яғни, мемлекеттік тіркеуде жоқ мал жөнінде қалай қыл­мыстық іс қозғалмақ? Егер оқиға орын алғанда тіркеу паспорты болмаса малды жоқ деп ескеріп, іс қозғалмайды. Сол үшін тұрғындар өз малын паспорттағаны абзал. Бұл – бірінші орында болуы керек. Жалпы, тоқсан сайын есептік жиын өткіземіз. Мұнда мал ұрлығының алдын алу үшін түсіндіру жұ­мысы жүргізілді. Ауылдық жерде бақ­ташы ұйымдастырып ақша төлегісі келмесе немесе жағдайы жетпесе кезек ұй­ымдастырсын. Сонда айына бір рет немесе аптасына бір рет кезек бағады. Есесіне малы түгел, қорасы қараулы, – дейді жергілікті полиция бөлімі басты­ғының міндетін атқарушы Ерлан Назар­құ­лов.
Сондай-ақ сала қызметкерлерінің айтуынша малын қараусыз қалдырғанның салдары үлкен апатқа әкеп соғады. Жол бойында жүрген малды әсілінде түнде байқамай қалудан жол апаты орын алады. Бірақ, мұның да оңтайлы жолы қарастырылған. Көлік алыстан келе жатқанда алдында мал жүргенін оның мойнындағы жарық­бергіштен байқайды. Бұл әдіс кей ауданда қолға алынған екен. Мұны қолжетімді бағада жасауға «лайфхак» бар. Мәселен, жарық бергіш лентаның 1 метрін 100 теңгеге, тартпалы арқанның 1 метрін 150 теңгеге аласыз. Сиырдың мойнына ғана өлшеп, «зыр» еткізіп тігіп алыңыз. Болды. Алыстан-ақ менмұндалайды.

P.S.
Айта кету
керек, кей ауылда пада ұйымдастырылған. Бұл мал ұрлығын алдын алудың бір тетігі. Сондай-ақ, малды сырғалау, таңбалау, тіркеу сынды мәселені қолға алу қажет. Мал ұрлығымен күресу барысында жалғыз құқық қорғау органдарының жұмысы жеткіліксіз. Тұрғындардың өз малының қауіпсіздігіне бей-жай қарауын тоқтатпайынша, мал ұрлығының азаюы да екіталай…

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
18 ақпан 2019 ж. 1 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031